«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыстық филиалы қала тұрғындарына ХҚКО-да берілетін анықтамаларды Telegram желісі арқылы алу мүмкіндігі туралы мәлімдейді.
Ботпен жұмысты бастау үшін, телефон нөмірін бағдарламаға байланыстыру немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелу қажет. Бұл рәсімді электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде өтуге, болмаса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-на келуге болады.
Telegram-ның мессенджері нөміріңіз тіркелген смартфоныңызға орнатылып, @EgovKzBot атауы бойынша боттың іздеу қызметі арқылы табу керек. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басып, мәзір арқылы телефон нөмірін жіберсе жеткілікті. Одан кейін, бірқатар мемлекеттік қызметтер мен сервистер қолжетімді болмақ.
Наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан анықтама алу үшін ХҚКО-ға жүгінбей-ақ, Telegram @EgovKzBot немесе Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеу мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні Telegram@EgovKzBot көмегі арқылы анықтаманың 15 түрі қолжетімді. Telegram@EgovKzBot мемлекеттік қызметтерді алу кезінде уақытты үнемдеуге таптырмас мүмкіндік.