💼 Жоба туралы

Құрметті оқырман!

Ақпарат дәуірінде, адамды бір дүниемен таң қалдыру қиын. Qazaqytoi.kz – ақпараттық-танымдық сайт. Ешкімді таңқалдыру ойымыз жоқ.

Мақсатымыз – шоу қаптаған заманда, қазақ тойының негізін сақтап қалуға титтей болса да, үлес қосу. Осы сайт арқылы ұлтымыздың той мәдениетіне әсер етіп, ұмытылуға айналған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртқымыз келеді. Той – тәрбие құралы.

Тойда қызмет ететін асабадан бастап, әрбір маман осыны білуі тиіс. Той – қазақтың болмысын ұстап тұрған рухани кеңістік. Онда көрінгеннің тайраңдап, ойына келгенін істеуіне қол қусырып қарап отыра алмадық.

Жұртқа ақыл айтып, көсемсу ойымыз жоқ. Қазақтың тойының қазақы нақышта өтуіне атсалысыу. Осы жерден қазақы тойға қатысты барлық мәліметтер мен мамандарды таба аласыздар.

Жан-жағымызға қарап, етек-жеңімізді жинап, ұрпағамызға дұрыс тәрбие беретін уақыт жетті.

Қазақы той — баяғы қазақы қалпына заманауи нақышта оралуы тиіс!

Бізбен бірге болыңыздар!

Ізгі ниетпен Бас редактор – Төкіш Шалқыма.