Қарапайым қағидалар

1. Алғыс естігің келе ме? Алғыс айта біл.

2. Кешірімге ие болғың келе ме? Кешіре біл!

3. Құрметті болғың келе ме? Құрметтей біл!

4. Қуанғың келе ме? Қуаныш сыйлай біл!

5. Арамдық көргің келмей ме? Адал бол!

6. Қайырсыздық көргің келмей ме? қайырымды бол!

7. Жаман иіс шыққан жерге құртшыбын, боққоңыздар жиналады. Жаман мінез жамандықты өзіне тартады. Қандай да бір жамандықтан сақтанғыңыз келсе, мінезіңізді дұрыстап, жүрегіңізді таза ұстаңыз. Мейірімді, қамқор болыңыз!

Мұратхан ШОҚАН.