Балалар жайлы қызықты мәліметтер

Сіз білесізбе Жапонияда балаларға қатысты «жаман», «бұзық», деген сөздерді қолдануға мүлдем тыйым салынған.

Сіз білесізбе 3 жасар баланың даусы 200 үлкен адамның даусынан қатты шығады. Сіз білесізбе орта есеппен 4 жасар бала күніне 437 сұрақ қояды екен.

Сіз білесізбе Кореяда баланың жасына анасының құрсағында болған 9-айыда жазылады екен. Құжаттар бойынша олар дүниежүзіндегі өзінің құрдастарынан бір жас үлкен болады.

Сіз білесізбе Қытайда адамдардың көптігіне байланысты бір жанұяда бір бала деген заң шыққан. Сол себепті қытайлық жанұялар тек ұлбала болса ғана дүниеге әкеледі екен. Егер УЗИ қыз баланы көрсетсе олар сол кезде өзінің жүктілігін жасанды жолмен тоқтатады.Сондықтанда қазіргі таңда қытайда қыз балалар ұл балаларға қарағанда 20 000 000 –ға аз.

Нигерия – егіздер елі. Әр 11-ші туған бала егіз боп дүниеге келеді.

Ал Күншығыс елдерінде бұл өте сирек құбылыс, 250 баланың біреуі ғана сыңарымен бірге өмірге келуі мүмкін.

Кім өзін ең жас әже деп ойлайды? Тарихтағы ең жас әже – румыниялық 23 жастағы Рифка Станеску. Оның қызы 11 жасында нәрестелі болған.

1910 жылы Қытайда 8 және 9 жастағы балалар ата-ана атанды.

Еуропа елдерінде ата-аналардың орташа жасы – 29, ал Үндістанда – 19, Ресейде – 20 жас.

Соңғы уақытта балаларға ерекше есім беру дәстүрі үдеп кетті. Болып жатқан оқиғаларға орай біздің елімізде балаларға Азиада, Универсиада, Саммит деген атау берсе, АҚШ азаматтары танымал брендтер құрметіне қыз балаларға Тиффани, Шанель, Гуччи, Армани, ал ұл балаларға Найк, Адидас, Лексус деп есім береді екен.

Тарихтағы ең көп балалы әке – Мароккодан шыққан Исмаил сұлтан. Оның 548 ұлы, 340 қызы болған.

Жаңа туған нәресте қызыл мен жасыл түсті ажырата алады, ал көк түсті көрмейді.

Статистика нәтижесі бойынша, 3-4 жастағы балалар күніне 900 сұрақ қояды, 12 мыңнан астам сөз айтады.

Ресейде Ванна, Тришка, Афигения, Банана, Грязина, Яробог, Блютуз, Лучезар, Жиромир, Дарий есімді балалар бар екенін білдіңіз бе?

Кореяда дүниеге келген балалардың куәлігінде анасының құрсағында жатқан 9 айы да қосылып жазылады.

Сондықтан олар басқа елдегі құрдастарынан үлкен болып есептеледі.

Әлем бойынша өзге елдерге қарағанда көбінесе Австралияда балалар «түтіктен шығады» екен.

11 жасар Мысыр тұрғыны Махмуд Ваиль әлемдегі ең ақылды бала деп танылды.

Сіз білесізбе Швецияда 12 жасақа дейінгі балаларға бағытталған жарнамаларға заңмен тыйым салынған өйткені бұл жаста балалар кез-келген нәрсеге бірден қызығады бұл олардың психикасының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін екен.

Сіз білесізбе ең ескі ойыншыққа 3000 жыл ол бұрынғы Парсы жерінен табылған қазір Франциядағы Лувр мұражайында сақтаулы.

Сіз білесізбе бір екі жыл бұрын Уэльс білім департаменті сабақ үстінде 6 жасар оқушыларға «аяз ата жоқ» дегені үшін ұстаз жұмыстан шығарылған. Ұстазынан мұндай сөзді күтпеген оқушылар үйлеріне жылап барған.Ұстаздың бұл қылығы ата-аналардың арыз-шағым жазыуна себепші болған.

Сіз білесізбе дүниежүзінде балалар қорғау күні болса, Сейшел аралдарында бір ай балалар күні болады. Сіз білесізбе ең көп бала туған ананың баласының саны 69-ға жеткен.

Сіз білесізбе ең көп егіздер дүниеге келетін мемлекет Нигерия 11 босанған аналардың біреуінде кездеседі. Ал ең аз егіздер дүниеге келетін мемлекет ол Жапония оларда 250 ананың біреуінде ғана кездеседі екен.