Емтиханда:
— Сұраққа жауап беріңіз, студент.
— Ойлауға кішкене уақыт беріңіз.
— Уақытың баяғыда бітіп кеткен.
— Онда залдың көмегіне жүгінейін, болмаса досыма телефон шалайын.
***
Бір адам көзілдірік сатып алайын деп дүкенге кіріп, көзілдірікті киеді де, кітапқа қарайды. Тағы бірін алып, тағы кітабына қарайды. Сөйтіп көзілдірік біткеннің бәрін қарап, бәрін жақтырмайды.
— Бұл қалай? Мына көзілдіріктерің дәнеме танып, оқып болмайды ғой.
— Жарықтығым, сен өзің оқуды білуші ме едің?
— Егер оқуды өзім білетін болсам, сенің көзілдірігіңнің маған не қажеті бар?
***
Екі студент әңгімелесіп отыр.
— Егер декан маған айтқан сөзін қайтып алмаса, онда мен университеттен кетемін.
— Ол саған не деп еді?
— «Университеттен жоғал» деген!
***
Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы аййналып құлап қалады. Қасына бір келіншек келіп, айналасындағыларға:
— Су әкеліңдер, су әкеліңдер, — дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:
— «Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы, — дейді сыбырлап.
***
Мұғалім оқушыдан :
— Аққұтан жылы жаққа неге ұшады? – деп сұрайды.
Оқушы:
— Жүре алмаған соң ұшады.
***
Баласының күнделігін тексеріп шыққан әкесі ашуланып:
— Балам, мұның қалай, биологиядан ғана екі алмапсың ғой?
— Әке, ашуланбаңызшы, өйткені биологиядан әлі үй тапсырмасын тексерген жоқ.
***
Оқытушы :
— Айдаров, лекцияға неге кешігесің?
— Кешіріңіз, ағай, ұйықтап қалыппын.
Өй, сен үйіңде де ұйықтайсың ба?!
***
Студент емтихан тапсыруға келіп тұр. Оқытушы:
— Билет алыңыз.
— Ағай, менде «проездной» ғой.
***
Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор:
— Сіздің аты-жөніңіз?
— Бектұров (студент жымиып күледі).
— Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың?
— Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын.
***
Әкесі мектепте оқитын баласының күнделігін тексеріп жатыр:
— Физикадан – 2,
— Математикадан – 2,
— Географиядан – 2,
— Тарихтан – 2,
— Ән сабағынан – 5…
— Әй, сен неменеңе жетісіп ән салып жүрсің-ей?
***
Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
— Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
— Не дейсің?
— Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.
География сабағында:
— Италия картада неге ұқсайды?
— Резіңке етікке.
— Дұрыс, етікке ұқсайды.
Бірақ неге резіңке деп айттың
— Себебі Италияның жан-жағын су қоршап тұр.
***
Ұстаз үнсіз отырған кезде, оны бөлмегеніміз жөн.
***
Мектеп шығармасынан: «Төлеген Жібекке сезім білдіру хатын жазған екен. Алайда Жібек хатты бірден спамға жіберіпті».
***
Ұстаздар мектеп оқушыларына билет сатқызады. Әрқайсысына 20 данадан береді. Осылайша оқушылар үйлерді аралауға кетеді. Арасынан біреуі жылдам қайтып келіп:
— Мен барлығын саттым. Барлығын бір үй сатып алды, — деп айтады.
— Бұл қолыңнан қалай келді? — Мені сол үйдің иті тістеп алды.
***
Ұстаз оқушыларға: «Ешуақытта жануарларды сүймеңдер. Бұл өте қауіпті. Кім мысал келтіре алады? Бір бала: «Мен айтайыншы. Менің әпкем өзінің мысығын сүйе беретін. Ұстаз: «Сонымен?» Бала: «Мысығы ауырып қалды».
***
— Балалар 8 санын теңдей бөлсек, қанша шығады?
— Тігінен бөлсек, екі 3, ал ортасынан бөлсек, екі 0 шығады.
***
— Сіздің балаңыз үстеліме үлкен құрбақаның суретін салып қойыпты. Қорыққаным соншалық, орнымнан ұшып тұрдым.
— Ой, мұныңыз бекер қалсын! Оның ваннамыздың ішіне салып қойған қолтырауынын көргенде, салып қойған есіктен бірақ шыққан болатынмын.
***
— Сен неге сабақ үстінде ұйықтап отырсың?
— Мен ұйықтап отырған жоқпын. Бар болғаны көздерім баяу қимылдап жатыр.
***
— Томирис, суда қандай заттардың ерімейтінін айтшы.
— Балықтар!
***
Оқушылар бейнелеу өнері сабағында сөйлесіп отыр:
— Жарайсың! Суретті керемет салыпсың. Тіпті тәбетім ашылып кетті.
— Тәбетім ашылды дейсің бе? Күннің суретінен бе?
— Аааа, мен қуырылған жұмыртқаның суреті екен деп ойлап қалсам.
***
— Жасұлан, неге сен үшін сабақты үнемі анаң орындайды?
— Себебі әкемнің мүлдем уақыты жоқ.
***
— Бір оқушым сабақ үстінде әбден мазамды алады. Шулап, өзгелерге қағаз лақтырып, тақтадағы оқушыны келекетеді.
— Оның жағымды қасиеті мүлдем жоқ па? — Өкінішке орай, бар. Ол ешуақытта сабақтан қалмайды.
***
— Айналайын, мен сенен теңіз сұрадым. Ал сен тауға шығып кеттің.
— Бұл жерден айналаны жақсылап бақылауға болады.
***
Ұстаз «Мен мектеп директоры болсам…» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма береді. Барлығы білек сыбана кірісіп жатқанда, Қанағат қана терезеге қарап отырады.
— Ал сен неге жазбайсың?
— Мен хатшымды күтіп отырмын.
Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанындағы баласына:
— Сен осы мектепте оқисың ғой, иә дейді.
— «Иә» дейді баласы.
— Осыдан 20 жыл бұрын мен де осы мектепте оқығанмын.
— Ә, онда директордың маған кеше неге олай дегенін енді ұқтым.
— Директор не деді?
— «Дәл сендей топасты көрмегеніме 20 жыл болды!» деді….
***
Үш талапкер тарих пәнінен емтихан тапсырып отыр. Біріншісі жақсы баға алу үшін өгіз беріп қойса, екіншісі қой берген. Ал үшіншісі жағдайы нашар болғандықтан, ештеңе бермеген.
Ұстазы біріншісінен
— Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды?
— Жапонияда
-Бес!
Екіншісінен:
— Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды?
— — Жапонияда
— — Қай жылы?
— — 1945 жылы.
— — Бес!
Үшіншісінен:
— —Қай қалада?
— —Херасимода.
— — Өлген адамдардың саны қанша?
— — Екі жүз тоқсан төрт мың.
Ұстазы сасқанынан:
— — Өлгендердің атын атап шық, — депті.
***
Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек.
— Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші!
Лев Толстой деген классикті білесің бе?
— Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой…
***
Оқушы мұғалімге:
— Ертең сабаққа келмей-ақ қояйыншы.
— Неге?
— Мама, өзіңіз ғой кеше ертең ауылдан апам келеді деген.
— Екеуіміз бірдей келмесек, ұят болар…
***
Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да:
— Мен Шығайбайға бір алма беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай бөлік тиеді?
— Ешқандай.
— Отыр, екі. Математиканы білмейсің.
— Ал сіз Шығайбайды білмейді екенсіз.
***
Мұғалім оқушыға:
— Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
— Шешемнің қолы тимейді.
***
Екі жігіттің әңгімесінен:
— Темекіні зиянды қасиеттері туралы кітап оқыдым, қоятын шығармын…
— Темекіні ме?
— Жоқ, кітап оқуды.