«Кітап маған тақтан да қымбат…»

 

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді

Шоқан Уәлиханов.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім — ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Абай Құнанбайұлы

Оқысы білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы,—

Тірілтіп, елге жан бітіп,

Елі үшін жұмақ қылады.

Бейімбет Майлин.

 

Білімің болсадағы ұшан — теңіз,

Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей.

Шал Құлекеұлы.

 

Адамның сәні — өнер, білім, ақылы.

Жетес шешен.

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

Әлихан Бөкейханов.

 

Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар.

Альберт Эйнштейн.

 

Кітап маған тақтан да қымбат.

Шекспир.

 

Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсер болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды

Леонардо да Винчи.

 

Білім – қымбат қазына,

Қанағат тұтпа азына.

Мұзафар Әлімбаев.

 

Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады

Константин Ушинский.

 

Білім – ең маңызды аспап.

Билл Гейтс.

 

Білім — адам баласының ортақ қазынасы.

Жүсіп Баласағұни.

 

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс — тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.

Мәлік Ғабдуллин.

 

Білім – бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

Мұхтар Әуезов.

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет

Шоқан Уәлиханов.

 

Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.

Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім — біліміме кедергі жасауына жол бермедім.

Марк Твен.

Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов.

 

Оқу – білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы.

Сәкен Сейфуллин.

Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – өрлеу де болмас еді.

Әлкей Марғұлан.

Білімдінің сөзі – ем,

Мейірімі көп, өзі кең!

Мағжан Жұмабаев.

Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,

Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң,

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов.

Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет… Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.

Антон Чехов.

Оқу – ой азығы, Жаттығу – тән азығы.

Өнер, білім — бәрі де оқуменен табылған.

Ыбырай Алтынсарин.

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе — білім мен ақыл.

Жүсіп Баласағұни.

 

Күндіз — түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет… Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.

Антон Чехов.

 

Үйренер нәрсең — білім және ұғым.

Жүсіп Баласағұни.

Оқысаң ғылым қорын білім асар,

Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Шәңгерей Бөкеев.

Адамға тіл, құлақ қандай керек болса… білім де сондай керек.

Ахмет Байтұрсынұлы.

 

Оқу — білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.

Ғабит Мүсірепов.

… біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.

Қаныш Сәтбаев.