Мағынасы ұмытылып бара жатқан сөздер 

Бала күніңнен құлаққа сіңісті болған сөздердің көбін қалаға келген соң қолданыстан шығарып, жаңа ортаға қарай бейімделетініміз белгілі ғой. Уақыт өте сол баяғы сөздерді кездестіре қалсаң, көптен бері көрмеген жақыныңды көргендей күй кешесің. Өйткені, балалықта сіңген сөз туған аулыңды, бала кезіңді, ескі сөзді мол қолданатын ата-әжең мен ауылдың жасы үлкендерін есіңе салады.
Жалпы, Қазақ тіліндегі сөздердің шығу төркінінің 60 пайызы ата кәсібіміз болған мал және егін шаруашылығына байланысты дейді ғалымдар. Рас болса, рас шығар, оған шаруашылықтан алыстаған бүгінгі қазақтың ертеден жеткен мыңдаған сөзді ұмытып, мағынасын ұғудан қалғаны дəлел.
Интернет ақтарып отырып, тауып алған мына сөздерді көпшілікке жариялағанды дұрыс көрдім (Əрине, қате айтылған сөздер де кездеседі. Əр адам керегін алар деген ойдамын).

МАҒЫНАСЫ ҰМЫТЫЛЫП БАРА ЖАТҚАН СӨЗДЕР

Жинастырып, жариялаған Масғұт ХАЛИОЛЛА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Аңдамақ- ұлттық ойын түрі.
Талқы — иленген теріні
жұмсартатын құрал («жиналыста
талқыға салды» деген осыдан
шықса керек)

Шүлен — жомарт деген мағынаны білдіреді (шөлді шүлен етті,
шүлен таратты деген тіркестер
бар)

Шаша — жылқының аяғындағы қыл (шашасына шаң жұқпас
жүйрік)

Құшнаш — бал ашатын әйел
(бақсы құшнаш деп те айтады)

Жеті амал — өте көне этнографиялық түсінік
1. Күннің тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердің батуы
4. Киіктің матауы
5. Тоқсанның кіруі
6. Мұздың қатуы
7. Айдың тоғамы

Ежеқабыл, Белқұда, Қызыл құда —
балаларын тумай
жатып атастырған
құдалар

Наурыз — парсы
тілінен ауысқан
«Жаңа күн» деген
сөз. (Негізінде парсылар жылды 12
айға, оны үш айдан
көктем, жаз, күз, қыс
деп бөлуді көшпенділерден алған)

Хакім — дана, данышпан (Хакім Абай)
қазақ тіліне әкім, кәкім болып кірген.

Бүлдіргі — қамшының білекке ілетін бауы. (мұны «бүлдірге» деп те айтады.
«Қолымда бір қамшым бар
бүлдіргелі»,
«Бүлінген елден бүлдірге
алма» дейді)

Иянат — араб. Жала
Қиянат (қиянат) — араб уәдеге опасыздық

Аманат — өсиет, тапсырыс
деген мағынада. (аманатқа қылма — қиянат).
Иянар пен қиянат қосылса зиянатқа айналады.

Асадал — ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық (аяқ қап та сондай)

Жел көз, тор көз — керегенің
түрлері

Бұйда — түйеге бұйда, атқа
шылбыр тағылады

Безгелдек — дуадақтар тобына жататын құс. (Мәссаған, безгелдек! -таңдануды білдіретін
одағай сөз)

Шырға тарту — бүркітті аңға
түсуге үйреткенде аңның тұлыбын
(шырға) тартады.

Абадан — қасқыр үйірінің
басшысы (көсемі)

Ережеп — үш күндік ораза
(осылай аталатын кісі аты да бар

Толағай — тақыр жер («Тау
толағай көрінер тасы кетер», «Қу
толағай бастанбай» (Махамбет)

Саһар — аққудың қоразы

Өжектеу — сөз таластыру

Сауын айту — үлкен асқа,
тойға шақыру

Атырау — өзеннің теңізге құяр
жері

Сыралғы — сый. («Батырдан
— сауға, аңшыдан — сыралғы»)

Шекелдік — жүгеннің шекелігін күмістеу

Кеусен — егін орағы аяқталған соң астық тазалаушыларға,
дәметушілерге берілетін үлес.
(Мал сойғанда «қолкесер» берген
сияқты)

Әуселе — күш-қуат («Әуселеңді көріп алайын»)

Көбеген — жас бала, балдырған. («Ерте туған көбеген» деп
малдың төлін де айтады)

Шүңет — ойдым, шұңқыр
(шүңет көз)

Жік — шайтан («Жер астынан
жік шықты, екі құлағы тік шықты»)

Шабыра — ешкі терісінен
иленген былғары (шабыра шалбар кигені)

Шікірә — жас баланың кекілін
үкілеген, қызыл-жасыл суыртпақ
жіп таққан, еркелеткен лағы («бұл
кімнің шікірәсі?»)

Сақпан — тас атуға арналған
құрал («Сақпанның тасындай сарт
етті»)

Сірге жияр — күзгі қой қырқу,
астық жинау сияқты жұмыстар
аяқталған соң ауыл-аймақ үшін
жасалатын шағын той.

Аймауыт — батырларға арналып тігілген киім (кейде сауыт деп
те айтады)

Әмеңгерлік — некелестіру
(«аға елсе- іні, іні өлсе — аға мұра»
дегендей)

Жолбасар — жол торып, тонаушы
дығы

Сой — тұқым, тек, нәсіл («Мен
ақсұңқар құстың сойымын» (Махамбет) текті ерлердің тұқымы деген мағынада айтылады)

Пеш — түрік сөзі. Пиш, пыш,
пісіру, жылыту деген мағынаны
білдіреді

Кірпіш — кір, лай, батпақты
пісіру, яғни лайды күйдіруден шыққан. (бұған дейін орыстар пеш,
кірпіш дегенді білмеген)

Тіз киім — іш киім

Әулет — бір атаға жататын
үрім-бұтақ

Шірік — сарбаз, жауынгер.
(«Ағайының көп болса — ұлы шерік
қолмен тең» (Ақтамберді жырау)

Аяқшы — тойда табақ тартушылар

Үпті — дүние, мүлікті, жасаулы
деген мағына береді. («Бәленбайдың үйі үпті»)

Аңғыс — мән-жайын, аңысын
аңдау

Тағай — құлақтың ішкі жағы

Жаба — қыран құсты ұстайтын
ер үстіне орнатылған жаппа, үйшік

Бағар — мал («Бағар көбейсін —
мал көбейсін» деген мағынада)

Тепкішек — 5-6 жаста баланы
ашамай ерге мінгізеді. Онда қоржын қалта болады. Соны тепкішек
дейді.

Соқыр тиын — тиынның
бетіндегі бедер, таңба, жазу көп
қолданғанда көмескіленіп, кейде
жойылып кетеді. Сондай тиынды
«соқыр тиын» дейді.

Әспет — адамға құрмет, ілтипат
білдіру — әспеттеу

Мілік — тістің еті

Деңбет — күмістелген затты
айтады. (Мәселен, деңбеттелген
күміс белдік)

Аңырақай — шөл дала, қаңсыған дала

Насат — ерен (насат бала батыр
болып өседі)

Қылаң — жылқы малының жалпылама айтылатын түсі (ақбоз,
құла, т.б)
Баран — бұл да сондай. («алдыңғы ат қылаң болмай, баран болды» (Ақан сері. Құлагер — қылаң)

Аужал — ас, тағам. (Осыны
аужал ете тұрыңдар)

Сауға — араша тілеу. (Батырдан
— сауға (олжаға үлес), аңшыдан —
сыралғы)

Мырзақамақ — үй тұтқыны

Көкжал — қасқырдың аталығы

Тазы — аңшы иті, ауған тілінде
таза, алғыр, жүйрік деген мағына
береді. Фердоуси «Шахнамада»
патша иттерін «Саг-и-Тази» деп атаған

Мантық — логика

Теософия — діни философия
(Медреседе Абай мантықты да, теософияны да оқыған)

Шәмші — араб күн

Қамар — араб ай (Шәмшіқамар
— қыздың есімі)

Құрқұлақ — тістің еті қанайтын
ауру (парадонтоз)

Сағанақ — киіз үйдің керегесінің қоспа ағашы

Алшын — шабылған шөп орнына шыққан жаңа шөп

Ақсүйек — қазақтың ұлттық
ойыны

Керен — су сиыр (бегемот)
(«Аузын керендей ашты»)

Нау — жалақор, даукес. («Нау
құрымай дау құрымас», «науды
аяма, дауды ая»)

Әккі — тәжірибелі, басқаның
қулығын тез байқағыш, басқаға
ұстатпайтын адам.

Жақ — садақтың бір атауы

Қаптағай — жабайы түйе.
(Қаптағай деген батырдың аты
бар)

Қайдақ — салт басты, сабау
қамшылы бойдақ адам. («Қазаны жоқ — қайдақ, қатыны жоқ
бойдақ» деген сөз бар
қырғыздарда)

Даңғайыр — өз ісіне
шебер, білгір адам.

Бапан — қамыс басының үлпілдегі
(«басы бапандай,
аяғы сапандай —
тәуір басталып, нәтижесіз аяқталған
істі айтады)

Көгілдір — аққудың балапаны

Аманат құда —
балаларын жас кезінде атастырып, қалың малдың бір бөлегін төлеп қойған құдалар.

Асар — қоғамдасып
көмек көрсету

Сілбі -1 ) ұзақ сіркіреп
жауған жауын (ақжаңбыр),
2)
Өрмекшінің өрмек тоқуға арналған сұйық заты

Шомай — екі құйымшақ
сүйектің түйіскен жері (шонданай
деп жүргеніміз осы Шомай болу
керек)

Зертең — өкпе ауруы (жөтелетін)

Пыстан — көпшікті ерге бекітетін жез қалпақты күміс шеге.
(Абайдың «Ескілік киімі» деген
өлеңіндегі «Жарғақ жастық көпшігім жезді пыстан» деген сөз
бар)

Дәндәку — кісеннің оқшантаймен қатар тұратын былғары
қалтасы (жоғарыда аталған өлеңде: «үлкен кісе белімде жез салдырған, шақпағым, дәндәкуім
жарқ -жұрқ етіп» деген жолдар
бар)

Күйеуаяқ — ата-енесінің күйеу
жігітке атаған малы
Жолаяқ — жолға шығарда
жасалатын рәсім

Шүкейіт — киіктің асығы
(Кішкентай адамды шүкейіттей
деп суреттейді)

Шарғы — ұзатылып бара
жатқан қыздың сіңілісіне берген
орамалы

Ашымал — арпадан, тарыдан,
күріштен, ұннан, т.б. жасалған
ашыған көже

Биязы шекпен — түйе жүнінен жіңішке етіп иірілген жіптен
тоқылған шекпен

Мор — киіз үйдің ағашын
(сүйегін) балқытатын орын

Ереуіл — ұзақ жортуға шыдамды, мықты, берік ат. («Ереуіл
атқа ер салмай»)

Кермағыз — кербез, маңғаз
деген мағынада. (Абай өлеңінде
бар сөз)
Ақылақ — ыстық ірімшікке
шекер (қант) қосып жасалған тағам. (үлкен кісілерге, балаларға
беріледі)

Ұмай ана — аңыз бойынша
ести жоқ ескі заманда көк түріктер
жат-жұрттықтардың қырғынына
ұшырағанда бір жалғыз мүгедек
ер баланы ұрғашы бері — Ұмай
ана асырап жеткізеді. Түрік ұрықшәрпі (тұқымы) сол бала мен
Ұмай анадан тараған делінеді
аңызда.

Құзғын сәрі — (құлқын сәрі
деп те айтылады) — таң ата — ерте
құзғын құс қонақтаған жерінен
ұшқан уақыт

Қара өзек шақ — жазғытұрым кез

Парсақ — орта ғасырдағы
қашық тық өлшемі. Бір парсақ
шамамен 6.23 шақырымға тура
келеді

Ұрағаһ — монғолша аттан деген мағынада (ура сөзі осыдан
шыққан шығар деген ой келеді)

Әңгелек — қауынның кішкене
түрі (Басын әңгелек ойнатты)

(Жалғасы бар).
Орталық Қазақстан. — 2005. — 19 қараша (№230/231).