Өз-өзіңді дамыту жолдары

1. Аз ұйықтаңыз. Бұл сіздің жұмысты  жемісті нәтиже көрсетуіңіздің бір кепілі. Көптеген адамдар денсаулықты қалыпты ұстап отыру  үшін  тәулігіне 6 сағаттан кем  ұйықтамау керектігі туралы кеңес береді. Ал табысты болғыңыз келсе азырақ ұйықтау керек… Мәселен, сіз 1 бойы бір сағат ерте тұрыңыз делік, сонда айына ол 30 сағат болады. Сіз 30 сағатта өміріңіздегі маңызды деген жұмыстарды атқаруға мүмкіндіктер аласыз.

2. Әр күн сайын  таңертең өзіңіздің жеке  басыңызды дамуыңызға бір сағаттан уақыт бөліңіз. Оймен  тәулік бойы атқаратын жұмыстарыңыз шолу жасап, әуен тыңдап және өзін-өзі дамыудың әдістерімен танысыңыз.

3. Сіз үшін маңызды жайттардың басқа күнделікті көпшілік проблемалардың көлеңкесінде қалып қоюына жол бермеңіз. Өзіңіздің уақытыңыз бен энергияңызды тиімді пайдаланыңыз. Уақытты басқару өмірді басқару екендігін есте сақтаңыз.

4. Ми жұмысын үнемі жаттықтырып отыруға дағдыланыңыз.  Күнделікті өмірде жиі кездесетін қарапайым мысалдар арқылы  миды дамыта беріңіз. Барынша жақсы нәрсе ойлауға, ойдың нәтижелі болатындығына сенім артыңыз. Іс ойдың жемісі.

5. Телефон қоңырауларыға  сергектікпен жауап беріп, хабарласушы адамға деген құрметіңізді сөйлеу әдебеңізбен және дауысыңызбен білдіріңіз.  Дұрыс сөйлеу білу өте маңызды. Телефон арқылы сөйеген сөзіңіз сенімді шығу үшін орныңыздан тұрып сөйлесіңіз.

6. Кез келген адамға тәуліктің күтпеген мезетінде тамаша идеялар оралуы мүмкін. Сондықтан да қолыңызда оларды сол мезетте қағазға түсіріп алға мүмкіндік беретін қойын дәптерді өзіңізбен бірге үнемі алып жүруге дағдыланыңыз.

7. Жекесенбінің әр кешін өзіңізге арнаңыз. Онда  алдағы жұмыс аптасын жоспарлаңыз. Және жаңа кітаптар мен материалдар оқыңыз, жаныңызға тыныштандыратын әуендер тыңдаңыз.

8. Сіздің адамдармен қарым-қатынас мәдениетіңіз, оның ішінде адардармен ғана емес, өзіңіздің-өзіңізге деген қарым-қатынасыңыз маңызды. Егер сіз кез-келен қарым-қатынастардан  оң нәтиже күтсеңіз, сол болады. Бұл табиғат заңы.

9. Жеткен нәтижелге емес, қойған мақсаттарыңызға ден қойыңыз. Басқа сөзбен айтқанда, кез келген жұмысты өзіңізге ұнағандықтан немесе өзге адамға көмегі тигендіктен немесе оның сіз үшін мол тәжірибе болғаны үшін ғана жасаңыз. Ақша үшін ғана жұмыс жасамаңыз. Ол сізге өзіңізді дамытуға нәтиже бермейді.

10. Таңертең ұйқыдан тұрған соң айна алдында тұрып өзіңізді күлімдеуге дағдыландырыңыз. Күлу біздің ағзамыздағы көптеген химиялық реакцияларды бөліп шығарады. Күліп жүру адам ағзатын тепе-теңдікте ұстауға алып келеді.
 
Дереккөз: әлеуметтік желілер