ЖАЛҒЫЗДЫҚ…

Кім болса, сонымен араласып, дос болғаннан гөрі, жалғыз қалған артық.

Омар Хаям

Адам өзінің кім екендігін жалғыз қалғанда ғана айқын сезе алады.

Артур Шопенгауэр

Жалғыздық тек Құдайға жарасқан.

Фрэнсис Бэкон

Әр адам жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады.

Артур Шопенгауэр

Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді.

Артур Шопенгауэр

Дана адам көпшіліктен гөрі жалғыздықты сүйеді, өз-өзімен болғанды ұнатады.

Апшерони

Өзіңді түсінбейтін адамдардың қасында болудан артық жалғыздық жоқ.

Шэрон Стоун

Адам жалғыз қалған кезде ғана өзіне анық зер сала алады.

Анжелика Миропольцева

Жалғыздықтың адамға пайдасы көп. Бірақ шектен тыс ұзақ жалғыз қалған адам зиян шегуі мүмкін.

Люк де Клапье Вовенарг

Ең жаман жалғыздық — жүректің жалғыздығы.

Пьер Буаст

Жалғыздықтың ең жаманы — шынайы достарыңның жоқтығы.

Фрэнсис Бэкон

Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу — дарын.

Бернард Шоу

Кез келген жан өз-өзін белгілі бір деңгейде жалғыз сезінеді.

Габриэль Гарсия Маркес.

Әсел Айымбеттің фейсбук парақшасынан алынды.