Бір тақуа әйелдің күйеуі екіжүзді, жаман әдеттерге әуес, мінезі нашар бір тоғышар екен. Әйел жұбайының барлық теріс іс-әрекеттеріне төзіп, сабырлық танытып, оны тура жолға салуын сұрап дұға етеді.
Бір күні кісі қатты ашуланып тиісерге қара таппай бір тостаған алтынды алады да әйеліне беріп: «Мә, мынаны тығып қой. Мен сұраған уақытта бересің» – дейді. Өзі соңынан аңдып тұрып, тыққан жерді көріп алады да, алтынның біразын қалтасына салып алады. Тостағанды орнына қайта тығып қояды.
Біраз күн өткен соң түк болмағандай әлгі алтындарын сұрайды. Әйел тыққан жерінен алтынды алып қараса, тостаған да, алтындар да суға малшынған. Әйеліне ұрысуға дайын тұрған кісі мұны көріп таң қалады. Әйелі сасқанынан: «Қалайша бұл су болып қалған? Міне, тыққан жерім құп-құрғақ. Осылай жігіттің өз сыры ашылып қалады.
Мені кешірші, аманатыңа қиянат жасадым» – дейді жыламсырап жігіт. Сонда кісі бірінші рет Алла тағаладан қатты қорқып, бұл іс Оның құдіреті екендігін түсініп, істері үшін қатты өкінеді. Әйелінен кешірім сұрап, қатты ұялады. Осы оқиғадан кейін кісі тура жолға түсіп, тәубесіне келеді. Күн сайын: «Я, Раббым! Сен маған иманды әйелді нәсіп еттің, ал мен болсам оның қадірін білмедім. Мені әйеліме лайықты жан ете гөр! Өзіңнің сүйікті құлдарының қатарынан қыла гөр!» деп дұға етеді. Ал әйелі: «Уа, Аллам! Менің дұғамды қабыл еткенің үшін алғыс айтамын. Күйеуімді осы жолдан тайдыра гөрме!» деп дұға етеді…