АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сонау 1400 — жыл бұрын былай деп айтып кеткен:

* Адамдардың басына сондай бір уақыт келеді, олардың пайыз жемегені қалмайды, жемесе де шаңы оларға жұғады.
Пайызға — сауда, параға — сыйлық деп айтылады.
Адал — арам ұмытылады, «ақша болса болды, қалай келседе бәрібір» деп айтылады.

* Қөптеген адамдар аз бір дүниелік нәрсе үшін дінін сатады.

* Қабірлер әшекейленеді, Құран пайда әкелетін табыс көзіне айналады.

* Құраннан тек қана суреті, Исламнан тек қана аты, мұсылманның тек қана тәні қалады.

* Үш нәрсе өте сирек кездесетін болады:
адал ақша,
амал ететін сүннет,
шынайы дос.

* Дүние істеріне мән беріліп, ақырет ұмытылады. Аллаһ тағаланың кітабымен үкім беру ұят саналады.

* Зәулім және көріністі ғимараттар жасалады.

* Өтірік куәгерлер және ажырасулар көбейеді, аяқ астынан болған өлімдер де өте көп болады.

* Ағайындармен қарым — қатынас үзіледі, сәлем тек қана танығандарға беріледі.

* Адамдардың көбісі мақтаныш үшін қажылыққа барады.

* Үлкендер мейрімсіз, кішкентайлар көргенсіз болады. Балаларды тәрбиелеу қасқырды үйретуденде қиын болады.

* Уақыт қысқарады. Бір жыл бір айдай, бір ай бір аптадай, бір апта бір күндей өте шығады.
Бір күннің өтуі бір жапырақтың жанғанындай тез болады. Еш нәрседе береке болмайды.

* Жақсылықтар мен жаңбырлар азаяды, зілзала мен селдер көбейеді.

* Еркектер өздерін әйелдерге, әйелдер еркектерге ұқсатады.

* Өсек — аяң жайылады.