Абай өлеңдеріндегі «Хауас» сөзінің мағынасы…

Хауас

Хауас ұғымы Абай шығармаларында үш түрлі мағыналық сипатымен көрінетіні бар.

Біріншіден, «хауаси хамса заһири» ұғымы қазақша айтқанда сыртқы бес сезім (хауас) мүшесін танытады. Адамның осы сыртқы бес сезім (көз, құлақ, мұрын, тіл және дененің суық, жылылықты сезінуі) арқылы сыртқы объективті дүниеден хабар алу әрекеті жатады.

Екіншіден, осы сырттан хабар алып, ішкі сезім мүшелеріне жеткізетін бес сезімнің бәрі де қызметін мүлтіксіз орындауы үшін кеселге, кедергіге ұшырамай сау, саламат болуын «хауас сәлим» деп атайды.

Үшіншіден, сыртқы бес сезім берген хабарды жанның жибили қуаты арқылы ішкі бес сезімге жеткізіп, осы он сезімді әрекетке түсіруін де хауас деп атай береді.