Күйеу қыздың үйіне құдалыққа келгенде (қыз ұзату алдында болатын құдалық), қалтасына ақша, беторамал, әшекейлер салып келеді. Есіктен кіргенде қыздың жеңгелері күйеу жігіттің қалтасындағы заттарды алып, бөліп алады. Бұл – қалта қарау деп аталады.
Көрімдік – қазақ салтында жаңа киім киіп, мүлік aлғанда, жаңа үйге кіргенде, жетістікке қол жеткізгенде туған-туысқан, жора-жолдастарының жасайтын кәдесі.
Жаңа туған балаға, жас келінге ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі.
Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазымен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік – адамға, жандыға берілсе, байғазы – көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.