«Ана десе, күлімдейді жүрегім…» (8наурыз әйел-қыздар мерекесіне арналған тақпақтар)

Әжеме

Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.

Райымбек РАУАН.

***

Анама

Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Құшақ жайдың балаға.
Айым, күнім, қызым деп,
Еркелетер анада.

Ана бақыт, ана нұр,
Әр сәбиге, балаға.
Ана кетсе елжірейді жүрегім,
Ана келсе қуаныштан күлемін.

Әке емес ана жақын мен үшін,
Ана десе, күлімдейді жүрегім.
Дүрсілдейді, гүлденеді әрқашан,
Ана бақыт, ана шуақ мен үшін.

 Айдана СӘРСЕНБИЕВА.

***

Ақ әжем

Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.

Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.

Тәттілерін сақтайды,
Нәзеркеме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.

Назерке ХАЙРОМ. 

***

Әжем менің әйбат,
Оған ешкім жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген — өмірдегі қамқорың,
Ана деген — сүйенерің,жан құрбым.
***
Сырымды ұғатын,
Өзіңсін қуатым7
Күнімсің шығатын
Айымсың туатынАялы алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
***
Апам мені «айым» дейді,
Мен мұнайсам уайым жейді.
Апам мені «күнім» дейді,
Мен қуансам күлімдейді.
Анам-өмір шырағы,
Анам-өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр әні,
Жүрегімде тұрады.
***
Мәпелейді, әлдейлейді бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады?
***
«Ана» десем алғыс алам халқымнан,
«Ана» десем теңіз болам шалқыған.
«Ана» десем, ашылады қабағым,
«Ана» десем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар.
Аналардаң туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
***
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы, ай әжем.
***
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
***
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Балдай тәтті бал әжем.
***
Ақ әжемді арқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
***
Немересін жанындай,
Әжем жақсы көреді.
Қонаққа барса ұмытпай,
Кәмпіт әкеп береді.
***
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толып өмірі,
Шаттыққа шаттық ұлассын.
***
Үн қатамын бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
***
Ақылшымыз, данашым,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Айналайын анашым,
Алдымызда жүріңіз.
***
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы —
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы.
***
Ана деген асыл жандар, болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды талатпай.
***
Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсем де сағынамын.
Аялаған алақаның,
Мандайымнан сипағаның
Мен бақытты баламын.
Өскен соң, бағамын,
Алғысыңды аламын!
Аружан НҰРЛЫБЕК.
***
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.
***
Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр жауды.
Бір тамшысын әкелдім,
Анам, саған!
Гүлдер жауып кетіпті
Қырды, тауды.
Бір шоқ теріп әкелдім,
Анам, саған!
***
Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!