Қарағанды облысынан келген мамандар 83 тұрғын үйді, оның ішінде – 11-көпқабатты үйді қалпына келтіреді. Барлығы 519 пәтер мен 72 жеке үйде жарылыс толқынымен сынған терезелер мен есіктерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу міндеті тұр.
— Біздің мамандарымыз Арысқа жетті, ғимараттардағы ақауларды тексерді және баға берді. Осымен қатар 59 нысанда қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жұмыстарды ай соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Булекпаев.
Сонымен бірге, Қарағанды облысынан Арысқа гуманитарлық көмек тұрақты жіберіліп жатыр. Барлық зардап шеккендерге 28,5 тонна азық-түлік, жеке гигиена заттары мен дәрілік заттар, оның ішінде күйік пен жара жақпа майлары жіберілді.
Сонымен бірге оқиға орнында зардап шеккендерге көмек көрсететін 40 жоғары білікті қарағанды психологтары жұмыс істеп жатыр.
Өңірдің көптеген кәсіпорындарының жұмысшылары зардап шеккендер қорына бір күндік жалақыларын аударды. Жалпы қайырымдылық сомасы 12 млн.теңге құрайды. Таяу күндері Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарының әкімшілік және оларға ведомстволық бағынышты басқарма қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударады. Бұл сома 340 млн.теңгеге тең.
Дереккөз: karaganda-region.gov.kz