Ат қою дәстүрі

Дүниеге келген жас нәрестеге ата-анасы мен ата-әжелерінен ат қою дәстүрін жасайды.

Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы құрметті адамға қойғызады.

Бүгін де құрметті адамдардың аттарын қояды: Бауыржан, Абай, Сәкен, Қасым, Абылай, Фариза, Олжас т.б.

Қазақта «ат қою» мен «ат тергеу» бар. Келін күйеу әкесін — «ата», інісін — «қайны», қарындасын — «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем» т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге дер құрмет.

Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онан соң бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атын пәленкес» деп 3 рет айтады.