Қазақы тойға амандасу

Ассалаума алейкім арма ағайын!

Жақсылыққа жиылған,

Шеттерінен мейірбан.

Дархандығы даладай,

Аңқаулығы баладай.

Жақсылыққа ат байлап,

Жамандықты қақпайлап жүрген.

Ізгілікті ине етіп,

Имандылықты түйме етіп жүрген.

Жақсылықтың жаршысындай,

Асықтың алшысындай,

Көңілдің мөлдір тамшысындай.

Асылдың сынықтары,

Алтынның ұнтақтары.

«Той» десе – алып-ұшып жүгіретін,

Мәрт қазақтың ұрпақтары –

Бүгінгі дүбірлі тойға

Қош келдіңіздер, ағайындар!

………………………………………………..

Анасы барлық сөздің сәлем бе еді?

Амандасу әр түрлі әр елдегі.

Мысалы, ағылшындар «Хэллоу» десе,

Орыс «Здраствуй» деп мәнерледі.

Қытайлар немқұрайлы «Нехауа» деп,

«Онеся» дейді оңтүстік Корейлері.

Үнділер «Номәсти» деп айтады екен,

Үйретті ғой сериалдың көбейгені.

Ал, Мұсылман баласы амандасса,

Жаратқанның нұрына бөленгені.

«Ассалаума ғалейкім» – деген сәлем,

«Алланың нұры жаусын» дегендері…