Бақыт жайлы мақал-мәтелдер

***

Қолыңда жарың болса, Қараңғылық қашады;

Даналық көзіңді ашса, Бақытсыздық қашады.

***

Ақыл қонбаған жігітке, Бақыт та қонбайды.

***

Бақ келді деп таспа,

Жау келді деп саспа.

***

Батыр — ортақ, бақ- жалқы.

***

Ел алғысына бөленген,

Ен бақытқа кенелер.

***

Бапкері жоқта қыран жетім,

Бақ төрі жоқта ұлан жетім.

***

Тату үйдің бақыты тасыр,

Араз үйдің ырысы нашар.

***

Таңы атып, тауығы шаңырған.

***

Бассыз берген мал — мазақ,

Бақсыз берген тіл — мазақ.

***

Білім — бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ — әлдекімнің азығы.

***

Еңбек пен бақыт егіз.

***

Қайратты ерге мал тұрар,

Өнерлі ерге бақ тұрар.

***

Алғаның жаман болса, Қонағың кетеді.

Ұлың жаман болса, Бақытың кетеді.

***

Бағы тайған адамды түйе үстінен ит қабар.

***

Бақыт кілті — еңбекте.

***

Бақ қонатын адамның,

Ұлы епті, қызы көрікті болады.

***

Бақ келерінде, Ер ентелей басып асығады.

Бақ кетерінде, Ер маң-маң басып масығады.

***

Бағың асқан шағыңда, Құзғын салсаң, қаз алар.

Бағың тайған шағыңда, Тұйғын салсаң, аз алар.

***

Басыңа бақ қонарда, Елден асқан данасың.

Басыңнан бақ тайғанда, Қалыбыңа барасың.

***

Бақыт балақтан басқа қонады.

***

Бақ таздың басына,

Пұшықтың мұрнына қонады.

***

Бақ адасса, батпаққа қонады.

***

Адам бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.

***

Бақ пен дәулет көшпелі.

***

Татулық- табылмайтын бақыт.

***

Бақыттының түйесі түлкі алар.

Бақыттың көзі соқыр: не тазға, не ақылы азға қонады.

***

Бақ қонбас жігіттің іздегені дес болмас.

***

Өзі қара болса да,

Бақ, дәулеті сай болса,

Жер жарады қаңқылы.

***

Шыбынның басына бақ қонса,

Самұрық келіп сәлем береді.

***

Арсыз болмаса, мал қайда,

Айлакер болмаса, бақ қайда?

***

 Бір түп ағаш отырғызсаң, Еңбегіңнің жанғаны.

 Адал адам өсірсең, Басыңа бақ қонғаны.

***

Таң пен бақ егіз.

***

Басына тұрымтайдың бақыт қонса,

Самұрық қызмет етер панасында.

***

Есің барда – елің тап.

***

Бақыты жоқ адамға, Бадырайған көз береді.

Дауасы жоқ ауызға, Сылдыраған сөз береді.

***

Бас — бақ, Ауыз — дарбаза, Сөз — самал.

***

Бақ кейде тауып қонады, Кейде ауып қонады.

Тауып қонса, ескертеді, Ауып қонса есіртеді.

***

Баталы құлға бақ қонар.

***

Бағы бар бардан құр қалмайды.

***

Ініңнің ақтығына қарама, Маңдайындағы бағына қара.

***

 Ісіңе қарама, Маңдайыңдағы бағыңа қара.

***

Кейде істің ағы біледі,

Кейде істің бағы біледі.

***

Таудай талап бергенше, Бармақтай бақ бер.

***

Бармақтай бақ Қара суды теріс ағызған ақылдан артық.

***

Бөз көйлектің де қуанышы үш күнге созылады.

***

Ер жігіттің: аты жақсы болса — бір бақыт,

Жары жақсы болса — бір бақыт.