Балалардың әзілдері

 

***

— Балалар 8 санын теңдей бөлсек, қанша шығады?
— Тігінен бөлсек, екі 3, ал ортасынан бөлсек, екі 0 шығады.

***

Әжесі немересіне:
— Балам, егер жөтелетін болсаң ауызыңды қолыңмен жауып жөтел, — дейді.
Сонда немересі:
— Әже қорықпаңыз, менің тістерім сіздікіндей ұшып кетпейді, — депті. 

***

Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр. Бала оншақты кәмпит жегеннен кейін, жігіт шыдамай:
-Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың?
Кішкентай бала:
-Ал, менің атам 105-ке дейін өмір сүріпті.
-Ол да көп кәмпит жеген бә?
-Жоқ, ол біреудің ісіне араласпайтын…

***

Кішкентай екі бала сөйлесіп тұр:
– Туған күнің қашан?
– 20 қарашада.
– Қай жылы?
– Жыл сайын ғой…

***

Ұстаз «Мен мектеп директоры болсам…» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма береді. Барлығы білек сыбана кірісіп жатқанда, Қанағат қана терезеге қарап отырады.
— Ал сен неге жазбайсың?
— Мен хатшымды күтіп отырмын.

***

Үйіне жүгіріп кірген бала анасына:
— Анашым 100 теңге бересіз бе?-дейді.
— Оны қайтесің балам?
— Бір кәрі апаға берейін деп едім.
— Өй жарайсың балам! Дұрыс, қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде?
— Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.

***

— Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?
— Е, несін айтасың балам, бай болсаң — феодализмде, кедей болсаң — социализмде, ұры болсаң — капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.

***

— Сен неге сабақ үстінде ұйықтап отырсың?
— Мен ұйықтап отырған жоқпын. Бар болғаны көздерім баяу қимылдап жатыр.

***

— Жасұлан, неге сен үшін сабақты үнемі анаң орындайды?
— Себебі әкемнің мүлдем уақыты жоқ.

***

Оқушылар бейнелеу өнері сабағында сөйлесіп отыр:
— Жарайсың! Суретті керемет салыпсың. Тіпті тәбетім ашылып кетті.
— Тәбетім ашылды дейсің бе? Күннің суретінен бе?
— Аааа, мен қуырылған жұмыртқаның суреті екен деп ойлап қалсам.

***

Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап:
— Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! — дейді. Сонда баласы:
— Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, — деген екен.

***

— Айналайын, мен сенен теңіз сұрадым. Ал сен тауға шығып кеттің.
— Бұл жерден айналаны жақсылап бақылауға болады.