Күтпеген жерден Ақерке екеуміз бие сүтінен жасалған косметика мен сабынды сыйлыққа алдық.
Осы уақытқа дейін түрлі шетелдік компаниялардың косметикасын пайдаланып келдік. Бірақ, отандық косметиканы, оның ішінде бие сүтінен жасалған өнімді көрген емеспіз.
Қазір мұндай өнімдер сатылымға шығыпты. Қымызды жылдар бойы зерттеп, бие сүтінен косметикалық өнімдер жасау ісін жолға қойған адам – қазақ-неміс «Qymyz» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айтуган Мукашев.
Жылқы, қымыз десе елең ете қалатын халықпыз ғой. Біраз жыл бұрын ақпарат агенттігінде істеп жүргенде «қымыздан косметика жасалатын болды» деп жаңалық таратқан едік. Міне, бүгінде соның нәтижесі қолымда. Қымыздан жасалған отандық брендтің нарыққа шыққанын көріп, қуанып отырмын.
Қораптың ішінде бет күтіміне арналған 5 түрлі косметикалық зат бар екен.
1. Эссенция — Бие сүтінің негізінде жасалған көп функционалды қарқынды түрде қалпына келтіруші эссенция. Ол теріні ылғалдандырып, ағартады, әжімдермен күреседі. Теріге балғындық пен серпімділік береді және шаршауын басады.
2. BB кремі – теріні ылғалдандырады, ультракүлгін сәулелерден қорғайды.
3. Бет терісіне арналған крем – әжімге қарсы крем теріңізді сергітіп, түсін ажарландырады, теріге табиғи өң береді. Крем теріні қажетті және ылғалдандыратын агенттермен нәрлендіреді.
4. Тазартқыш көпіршіктер – сыртқы кернеулермен күресіп, жинақталған кірден жеңіл тазартып, теріге рең береді.
5. Көз айналасына арналған әжімге қарсы крем – теріні ылғалдандырады, токсиндерді шығарады және терінің серпімділігін қалпына келтіреді.
Сондай-ақ, AIDAI moisturizing relaxing effect сабыны шипалы өсімдік майлар мен табиғи бие сүті қосылып дайындалған көрінеді.
«Бие сүті Қазақстанда дайындалғанымен, косметика шетелде өндіріледі. Себебі елімізде мұндай технологияны игерген өндіріс орны жоқ», — дейді кәсіпкер.
Қазіргі таңда кәсіпкер өнімді нарыққа шығару бойынша қазақстандық “Global Trend” компаниясымен жұмыс істеп жатыр екен.
Айым Сәдуақасованың фейсбук парақшасынан.