Хельга Хилтунен дейтін алты жасар фин қызы жаңа жылдың қарсаңында құдайға хат жазып, өзіне 100 марка (ақша) салып жіберуін өтініпті. Финляндияда мекен-жайы дұрыс көрсетілмеген хатты президенттің өзі ғана ашып қарайды екен.
Сыртына «құдайға» деп жазылған хатты 1958-82 жылдары Финляндияны басқарған Урхо Калева Кекконенның өзі ашып оқиды да, қыздың өтінішін аяқсыз қалдырғысы келмейді. Бірақ, кішкентай қызға 50 марка да жетеді деп ойлап, сыртына «Құдайдың сәлемдемесі» деп жазылған хатты өзінің мәшинесімен қыздың үйіне апарып беруді бұйырыпты.
Көп ұзамай президенттің канцелериясына Хелганың қайтара жазған хаты келіп жетеді. Онда Хельга үйінің жанына келіп тоқтаған президент мырзаның мәшинесіне бүкіл көше көз тіккенін жазыпты да, жіберген ақшаның жартысын жолда ұрлап кеткенін айтып, құдайдан енді қайтып президент арқылы ақша беріп жібермеуді қатты өтінген екен…
Жолымбет Мәкіштің фейсбук парақшасынан алынды.