Қадірлі жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз!
Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз!
Бүгінгі күн — сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. «Үйлену оңай, үй болу қиын»,-
дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін.
Сіздерге тілейтініміз — бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Бүгінгі күн — Сіздердің күндеріңіз! Жұбайлық өмірдің рауандап атқан әрбір таңы Сіздерді бақыт болашағының таңғажайып төріне жетелейді. Сіздердің ендігі сәтте өздеріңізді жастық өмірлеріңіздің нағыз бақытты Ханшайымы мен Ханзадасы сезінулеріңізге толық құқыларыңыз бар. Өздеріңіз арман еткен бақыт күндеріңізде Сіздердің ата-аналарыңыз бен туған-туыстарыңызды сол тамаша күндеріңіздің куәсі болуға жазсын!
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Қымбатты тойшыл қауым!
Бүгін міне Қанаттың шаңырағында,
Алатаудың бауырында
жадырасып жарасатын,
жамырасып тарасатын,
балдай тәтті тілектер тыңдалатын,
ән тербеген жүректер нұрланатын,
қызығы күннен күнге жырланатын,
келмегендер қызықтан құр қалатын
бір тамаша той болып жатыр.
Ол-бүгінгі Жанат пен Эльнураның шаттыққа толы шаңырақ көтеру екені баршаға мәлім. Сол той тойларға ұласып жалғасын таба берсін!
…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!
…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..
«Махаббат» байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін!
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….
Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер!
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….
Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Құрметті қауым, бүгін бәріміз үшін қуанышты күн.
Әсіресе, жас жұбайлардың ата-анасы үшін ерекше күн.
Жастар бір-бірімен жарасып, отау құрмақ болған екен. Жас отаудың шаңырағы биік болсын! Керегесі кең болсын!
Ал, Ләззат, бағың ашылсын, айналайын! Ата-анаңның үйінен ата-енеңнің үйіне кетіп бара жатырсың, қадамың құтты болсын.
Абзал інім, басыңа қонған бақытың – Меруерт екеуің ұзақ, тату-тәтті өмір сүріңдер. Үлгілі отбасы болыңдар. Бір-біріңе деген махаббат пен құрметтерің өмір бойы жалғассын.
Құрметті құдалар, — (қыздың ата-анасының аты) —— , бүгін сіздер аяулы қыздарыңыз Меруертті ұядан ұшырып отырсыздар. Қыздарыңыз бақытты болсын, сыйлы келін, аяулы ана атансын. «Құда мың жылдық» деген сыйластығымыз мың жылдай ұзақ болсын.