«Менің енемнің туған күні еді. Осы тікелей эфир арқылы құттықтасам бола ма?» — деп бір келін радиоға звондаған ғой. Диктор: «Айналайын келін, өсіп-өн, жүз жаса! Осы радиода 40 жыл жұмыс істесем де, сен сияқты енесін құттықтаған келінді бірінші рет көруім. Енді енеңнің туған күніне орай қандай əнді қойып берейін?» депті. Сөйтсе келін:
— Мейрамбек Беспаевтың «Көзіме көрінбе сен, көрінбе сен» деген əнін депті.
***
Шал мен кемпірдің жаңа түскен келіні есік алдын сыпырмайды екен. Шал мен кемпір өзара келісіп екеуміз таласайық сен “мен сыпырамын” де, мен “жоқ мен сыпырамын” дейін мүмкін келін ұялғаннан мен сыпырамын дейтін шығар депті. Сөйтіп шалмен кемпір сыпырғыны алып таласа бастапты. Мұны көрген келіні келіп “не болды неге таласып жатырсыздар, бір күн сіз сыпырыңыз, бір күн енем сыпырсын” деген екен.
***
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады?
— Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.
***
Келіні мен Енесі бірін-бірі жарым сөзден, намёкпен түсініп қояды екен. Бір күні келіні түсте ұйықтап жатса, оны ұнатпаған енесі Келінін қайтіп оятарын білмей үйдегі Мысықты ұстап алып ұра бастайды:
«Жейсің жатасың, жейсің жатасың» деп…
Оны көрген Келіні далаға жүгіріп шығып, Әтешті ұстап алып ұрып жатыр дейді:
«Не өзің ұйықтамайсың не біреуді ұйықтатпайсың» деп.