Отбасы бақытының 8 құпиясы

Ата-аналар азаннан кешке дейін жұмыс істейді, балалар сабағынан қолы босамайды, үйде жиі топалаң, астан-кестені шығып жатыр. Өмір осылай! Алайда дәл осындай өмір қызық, тамаша, себебі түпкі тамырында отбасы бақыты жатыр, адам шынымен- мұнда өзін жайлы сезінеді, көңілі тоқ жүреді. Үй-ішіндегі бауырмалдық, татулық атмосферасы және отбасыңыздағы сенімділік мұның барлығы адамды жүйке ауруынан сақтайды және қазіргіден төрт есе бойыңызға күш-қуат береді.
Төменде жариялап отырған жанұя бақытының сегіз құпиясы – бұлар қатып қалған тәртіппен қаралмайды. Мысалға, сегізіншісі тура біріншісі секілді өте маңызды.

Бірінші құпия: Тиімді сөйлесе білу

Ең бастысы сөйлесе білу. Отбасыңыздағы жақын адамдарыңызбен тілдесе білу де өнер. Сіздің тіліңіз айналаңыздағы адамдарды өзіңізге дос етеді, не болмаса жау етеді. Ал, қасыңыздағы жақын адамыңызға қалай сөйлескіңіз келеді, қандай байланыс орнатқыңыз келеді, ол сіздің еркіңізде. Егер сіз бауырдарыңызбен, жарыңызбен, балаңызбен, ата-анаңызбен достық, сыйластық қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, оның дағдыларын білгіңіз келсе, немесе осыны меңгеруге күш салсаңыз, онда отбасыңызда да, қызмет барысында да сізді сәттіліктер күтіп тұр. Тілдесудің тиімді тәсілдерін меңгерген адам өзінің дұрыс бағытта екенін дәлелдей алады. Адамдарды дұрыс шешім қабылдауына және өзіне де бағыт-бағдар көрсете алады.
Бұл ретте ынтымақтастық пен сенімді мықтап ойыңызға бекітіңіз. Жақын адамдарыңызбен өзара түсінісушілікке жетудің кілті — сенімділік болып табылады. Кім болмасын сіздің өзіңізге сенімсіз сөйлегеніңізді, немесе сенімділікпен айтып тұрғаныңызды сезе алады. Сондықтан әңгіме үстінде айтатын ойыңызды көмескілемей жеткізе біліңіз. Егер өзіңіздің ойыңыз түсініксіз болып, оны келесі адамға жеткізетін болсаңыз, тыңдаушыңыз да шатасады. Егер сіз балаларыңызбен нақты бір әңгіме немесе оқиға туралы айтып жатсаңыз, оған ұғынықты болу үшін әңгімені, не сөзді біра-ақ рет қолданыңыз, қайталап айта бермеңіз. Дәл осы уақытқа қажетті ақпаратты қолданыңыз. Оған ойыңызды түсіндіремін деп өткен оқиғаларды қайта қозғаудың керегі жоқ. Әңгіме барысында нақты айғақтарды, деректерді пайдаланыңыз. Бұл сіздің абыройыңыз бен сізге деген сенімнің негізі болып табылады.
Бей-берекет тілдесуден сақтаныңыз. Егер барлығы бірдей сөйлеп жатса, ешкім бір-бірін тыңдай алмайды, бұл әрине, тілдесуге жатпайды. Әңгімелесу кезінде әрқашан ақпарат беріп және қабылдап отыру керек. Отбасыңызды, балаларыңызды қатаң қыса бермей, еркін әңгімелесе біліңіз.

Екінші құпия: Дауларды шеше білу қабілеті

Отбасындағы ерегістерді шешудегі біршама кеңестер:

-Тиімді тілдесуді пайдаланыңыз. Негізінде адамдар арасындағы түсініспеушіліктер — әуелден проблемалы дауды туғызатын негізгі себепкер болып табылады.
— Мәселеден басыңызды алып қашпаңыз. Егер анасы мен әкесі «шектен шығып ұрысып кетсе», балалары оны ұнатпайды. Дәл осындай жағдайға дейін жетпеу үшін алдымен басталып жатқан қақтығыс кезінде жәй ғана тиімді тілдесу тәсілін қолданыңыз. Үнемі мәселеден басын алып қашу ол жағдайды тым ушықтырып жібереді. Эмоцияңызды бақылауда ұстауға тырысыңыз. Қателіктерді жеңіп шығыңыз. Ұрыс кезінде бір ғана дауға немесе мәселеге көңіл аударыңыз, сөз арасында өткен-кеткендерді қозғайтын болсаңыз, одан бетер отты лаулатып аласыз.
-Қиратқыш, талқандағыш әдеттен қашыңыз. Әлдебір реакцияға түспес бұрын, ойланыңыз, әрі балаларыңызды да осындай маңызды дағдыға үйретіңіз. Сіз басқа біреудің тәртібін жөндей алмайсыз, бірақ оған қалай жауап қайтарып жатқаныңызды бақылай аласыз.
-Тату тіл табысуды қолданыңыз және ашықтықтықты сақтаңыз. Қақтығысты шешуде келісімге келу және шегініп, жол беру шығармашылық тіл табудың екі кілті болып табылады. Әрбір отбасы мүшелерін де осы тәсілдермен ерегісті шешуге үйретіңіз.

Үшінші құпия. Балаларыңыздың өзін-өзі сыйлауын дамыту

Өзін-өзі сыйлау адамның көшбасшы рөлін арттыруға және мойындауға жол береді. Салауатты түрде адам өзін-өзі сыйлау үшін мынандай элементтер қолданылады:
Мәселен, басқалармен байланыс жасау сезімі.
Кез-келген бала өзінің құрдастарымен тілдескенді ұнататынын білесіз, дегенмен бұл достық тұрғыдағы қарым-қатынас баланың өзін-өзін бағалауын арттырып жібереді деп ойлауға да болмайды. Керісінше, төмендетуі де мүмкін. Сондықтан олар үйде өзіне-өзі сенімді және қолайлы сезіне ме, соған мән беріп көріңіз. Егер бала үйінде еркін, сенімді жүретін болса, сыртқы ортаға да тез бейімделуі мүмкін. Жеткіншектің өзін-өзі сыйлауы отбасы ортасынан басталады.
Баланың ынтасын да бағалаңыз. Мүмкін, сіз мектепте спортшы болған шығарсыз, бірақ балаңыз ғылымға әжептеуір әуес. Сіз өзіңіз спортты жақсы көреді екенмін деп оны мәжбүрлеп сол салаға берудің керегі жоқ. Дұрысы, балаңыз не нәрсеге қызығады, соны біліңіз. Оның өз қызығушылығына және талантының дамуына ешқашан қарсы болмаңыз. Қайта бойындағы қабілетін дамытыңыз. Бұл баланы ерекшелендіреді және ол сонысымен мақтану керек.
Ұл-қыздарыңызды тыңдап үйреніңіздер. Бұл баланың өзіне деген сенімділігін ұлғайтады. Сонымен қатар, маңызды шешім қабылдау керек болған кезде өз пікірін айтуда сізге деген сенімін нығайтады. Егер олардың әрдайым сөздері тыңдалмай, аяқ асты қалса, онда олар көңіл бөлуге тұрмайтын лайықсыз адам ретінде сезінеді. Бұл тұлғаның өзін-өзі сыйлауына үлкен соққы береді. Соңында мұны жөндеуге көп күш-жігер жұмсауға тура келеді. Балалар өте сезімтал келеді. Олар не өздерін шексіз бақытты сезінеді немесе олардың әлемі қирап жатқандай сезіледі. Оларды барлық әлем сүйеді немесе әлемге жеккөрініштімін деп есептейді. Балаларыңыз ата-ананың сүйіспеншілігін және балаға деген сенімділіктеріңізді тез-ақ сезеді, осыған мұқият болыңыз.

Төртінші құпия. Өз интуицияңызды дамытыңыз

Эмоционалды сезінушілігіңіз басқа адамдарды түсіне білуге жетудегі ең маңызды жолы табылады. Егер сіздің интуицияңыз жақсы дамыған болса, онда адамдар туралы өзіңіздің пікіріңізге сенуге болады. Кейде бірақ бізге көптеген фактілер жеткіліксіз және түсініксіз болады. Мұндай жағдайда интуицияңызға деген сенімділік – ең бағалы жол болып табылады. Ата-ана ретінде балаларыңызды жанашырлыққа, тілектестік білдіруге және отбасында да, тысқары шетте де қайғыға ортақтасуға үйретіңіз.

Бесінші құпия. Тәртіп болу қажет!

Егер әңгіме бағалылық пен тәртіп жөнінде өрбісе, ата-ана ретінде өзіңіз мықты және бірізді болуыңыз қажет. Баланы тәрбиелеу кезінде ата-ана біржақты сөйлеу керек, егер де сіздерде тәрбиеге байланысты әртүрлі түсінік қалыптасқан болса, онда қиындық туады. Міне, тәртіп жөнінде бірнеше ұсыныстар:
-Ешуақытта ашу кезінде жазаламаңыз, шара қолданбаңыз. Жағымсыз іс-әрекетін шешу үшін жазалаудан бұрын, бірінші ашуыңызды басуды ойлаңыз. Тәртіпті сақтау үшін көптеген тәсілдер бар, бірақ балаңызға оның ішінен барлығы жарай қоймас. Оның ішінде сіздің балаңызға әсер ететін ең нәтижелі тәсілін табу қажет. Балалар есіріп, айқайлап, тыңдамай, бұзақылық жасауы мүмкін, заттарды қиратып дегендей, тәртіпсіздік жасайды, осылар арқылы өздеріне назарды аударта аламыз деп түсінеді. Егер сіздің балаңыздың әрекеті де тура осылай жасалса, онда бұл тәртібі өзіне зияндық әкелмейтініне көз жеткізіп алыңыз да, содан соң, оларды елемей, назар салмаңыз.
— Ұстамды, сабырлы болыңыз! Егер сіз бір ерекше жеңілдіктер мен артықшылықтарды жоятын ойыңыз туралы айтатын болсаңыз, онда оны міндетті түрде орындаңыз. Тек қана бір дәйектілікке, бірізділікке негіз болса ғана, сіздің әрекетіңіз дұрыс деп қабылданады.
-Ешуақытта басқа адамдардың көзінше балаңызды ұялтпаңыз. Тек жеке қалғандарыңызды күтіп, асықпай дұрыс емес әрекеттері туралы тыныш, байсалды сөйлесіңіз, неліктен ол осындай жағымсыз әрекеттер жасады және одан болашақта не күтетініңізді айтыңыз.
-Сабырлы болыңыз. Егер сіз тыныштық сақтап, сабырлы дауыспен сөйлесеңіз, балада қорқыныш сезімі сейіліп, оған өзінің әрекеттерін орынды негізде көруге көмектеседі.

Алтыншы құпия. Қамқоршыл және қырағы болыңыз

Бұл оңай емес. Адам шыдамсыз болғанда, не ашуланып ызаланғанда ақысын балаларынан, жақындарынан алады. Сіз мұндай кезде өзіңізді жаман ата-анамын деп ойлап қалмаңыз, керісінше ондай кезде ойыңызды жинақтай біліңіз. Төзімді болыңыз дегіміз келеді. Қамқоршыл, әрі қырағы болыңыз.
— Кейде балаңыз әр минут сайын жүгіріп келіп: «Мама! Мама! Мынаған қараңызшы!» дейді. Ал, сіз үй ішіндегі қарбалас тірліктен бас көтере алмай жатсыз. Мұндай кезде не істеу керек? Бала қасыңызға жүгіріп келгенде, оған ашуланбай 1 секундқа назар салыңыз. Ол дауыстап сізді өзіне қаратпақ болған кезде, сіздің оған қарағаныңыз жөн. Сосын балаға басыңызды изеңіз де, әрі қарай жұмысыңызды жалғастыра беруіңізге болады.
— Тапсырма берген сәтте нақты ұғынықты етіп айтыңыз. Мәселен, бір затты әкелуге жұмсасаңыз, оның қайда тұрғанын, оның түсі қандай екенін, қай жерден алу керегін айтып түсіндіріп жұмсаңыз.
— Отбасыңызбен бірге демалыңыз, бірге қыдырыңыз!

Жетінші құпия: Стресстен арылудың тиімділіктері

Үй ішіндегі мазасыздық әрқашанда берекені бұзады. Бақытты отбасы болудың ең маңыздысы – үнемі жақсы ойларда, жақсы қарым-қатынаста болу және оны сақтау. Жағымсыз ұрыс-керістер тағы да кезекті жанжалды тудырады. Мазасыздыққа тап болсаңыз, алдымен отбасыңызға кедергісін келтірмеу үшін өзіңіздің бойыңыздан оны арылтуға тырысыңыз. Онымен күресіңіз.

Сегізінші құпия: Кішіпейіл болыңыз!

Бақытты отбасы болу – бұл аңыз немесе ертегі емес. Оны қолдан жасау әркімнің өз қолында. Бәлкім, сіз жоғарыда айтқан кеңестердің біршамасын өз өміріңізде бұған дейін де қолданып келе жатқан боларсыз. Мүмкін, қалай қолдану керегін білмеген де боларсыз. Қалай десек те, сізге бұл кеңестің ішінен жаңалары кездессе, оны отбасылық өмірде қолданып көруді ұсынамыз.

Дереккөз: http://otbasybakyty.kz