Мүшел жастың мәнін білесіз бе?

Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы «алғашқы мүшелі» делінеді, одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады.
Астрономия ғылымына сүйенсек, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бары анық. Бір жылда 12 ай бар. Мүшел 12 жыл уақыт атауы. Адамда 12 мүше бар. Және арғы тегін Алтайдан тарататын Майя тайпасы да 12 санына көп мән беріп, өз күнтізбесін 12.12.2012 мен аяқтайды.«Қазақтың ұлттық ұғымында жас саны мүшелмен есептеледі. Бұл жаста әр адам сақтанып жүреді, алыс-ауыр сапарларға шықпайды. Өйткені адам ағзасында әр 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұрады. Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, онда адам баласы үшін мүшел жас, өмірінің бастауы һәм маңызды кезеңі болып саналады.

1 – мүшел – 13 жас (ер жете бастау). 13 кіреді — 14 шығады
2 — мүшел — 25 жас (жігіттік шақ). 25 кіреді — 26 шығады
3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату). 37 кіреді — 38 шығады
4 – мүшел – 49 жас (орта жас). 49 кіреді — 50 шығады
5 – мүшел – 61 жас (орта жас). 61 кіреді — 62 шығады
6 – мүшел — 73 жас (қарттық). 73 кіреді — 74 шығады
7 – мүшел – 85 жас (кәрілік). 85 кіреді — 86 шығады
8 – мүшел – 97 жас (қалжырау). 97 кіреді — 98 шығады
9 – мүшел — 109 жас (шөпшек сүю). 109 кіреді — 110 шығады
10 – мүшел – 121 жас (немене сүю). 121 кіреді — 122 шығады
#мүшелжас #астрономия #12жыл #крг

Дереккөз: life09