«Маған үш секундта 100-ге дейін жететін нәрсе сыйлашы…» (Әйелдер туралы әзілдер)

***

Ерлі-зайыптылар демалысында палатка, керек жарақтарын алып табиғатқа шығады. Демалыстарының екінші күні кешкісін жақсылап тамақтанып ұйқыға батады. Бірнеше сағаттан кейін әйелі күйеуін оятады. Күйеуі ұйқысын бөлгеніне ренжігендей болып “Не болды, неге ояттың?” деп сұрайды. Әйелі үрейлі дауыспен:
— “Жоғарыға қарашы, не көріп тұрсың?” деп сұрайды.
Күйеуі аспанға бір қарап жауап береді:
— Осыған бола ояттың ба мені? Ал қарадым, миллиондаған жұлдыздарды көріп тұрмын.
— Жарайды бұлар саған нені көрсетіп тұр?
Әбден ұйқысы ашылған күйеуі кішкене ойланып тұрып былай жауап береді:
— Теологиялық жағынан қарағанда Құдайдың құдіретін және өз әлсіздігімді көріп тұрмын. Философиялық тұрғыдан қарағанда аспанның шексіздігін және оның алдында өзімнің түкке тұрғысыз екенімді көріп тұрмын. Астрономиялық жағынан галактикалардың, жұлдыздардың, планеталардың бар екенін көрдім. Ал жұлдыздардың орналасуына қарап арыстан шоқжұлдызына кіргенімізді және сағаттың түнгі 3 болғанын көріп тұрмын. Метеорологиялық тұрғыдан да ертең күннің ашық болатынын көріп тұрмын. Түннің ортасында неге сұрадың бұларды? Жарайды, ал енді сен айтшы, бұл саған нені көрсетіп тұр?
— Маған палаткамызды ұрлап кеткенін көрсетіп тұр…

***

Бір кісі дәрігерге барып:
— Дәрігер мырза, әйелімнің құлағы естімей қалған сияқты, не істеуге болады?- дейді.
— Үйге барғанда әйеліңіздің артында, біраз ұзағырақта тұрып, орташа дауыспен оған сұрақ қойыңыз. Егер сізді естімесе жақынырақ барып сол сұрағыңызды тағы қайталаңыз. Қандай қашықтықта еститінін анықтайық, соған қарай бір ем қарастырамыз.
Әлгі кісі үйіне қайтады. Асхананың есігінде тұрып орташа дауыспен:
— Жаным, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?- дейді.
Әйелі жауап бермейді. Ол жақынырақ келіп тағы да сұрайды:
— Жаным-ау, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?
Әйелі тағы да жауап бермейді. Ол жанына келіп тағы:
— Бүгін кешкіге қандай тамақ?
Әйелі:
— Үшінші рет айтып тұрмын ғой саған, котлет!.. 

***

Көлік дәметкен әйел

Күйеуі әйелінен сұрап жатыр:
— Сүйіктім, туған күніңе не сыйлайын?
Әйелі:
— Маған үш секундта 100-ге дейін жететін нәрсе сыйлашы.
Күйеуі ойлана келіп, таразы сыйлапты.

***

Әйелдер 50% жеңілдік деген жазуды көрсе болды, милары да 50% жұмысын тоқтатады.

***

Күйеуі ваннада қырынып жатып, ашуланып:
— Жаңа лезвие сатып алдым, бірақ өтпейді құрып кеткір…
Ар жақта әйелінің дауысы:
— Қызық, линолеумді жақсы кесті бірақ!

 ***

Әйелі күйеуіне келіп:
— Менің машинамның карбюраторына су кіріп кетті.
— Карбюраторда қайдағы су?
— Мен айтып тұрмын ғой су.
— Сен карбюратордың не екенін білмейсін ғой!!! Көрсет, қане сенің машинаң?
— Бассейнде!

***

– Әйеліме мерекесіне арнап кенгуру сыйлағым келеді.
– О, не дейді?
– Оны бос сөмкемен жүруге үйретсін дегенім ғой.

***

Келген қонағына үй иесі сұйық көже жасап беріпті. Оны жақтырмаған қонақ қасығымен көжені араластырып отырыпты.
Үй иесі: – Сіз көжеңізді ішпедіңіз ғой, – дейді.
Сонда қонағы:
– Жаңа көженің ішінен бір дән көріп едім. Соны таба алмай отырмын, – депті.

***

Полицей:
– Сіз түнгі сағатекіде қайда кетіп барасыз?
– Лекцияға.
– Лекцияға дейсіз бе?
Қызық екен. Түнгі сағат екіде сізге кім лекция оқиды?
– Әйелім…

***

Екi әйел әңгiмелесiп тұр.
– Күйеуiм – теңізші. Бiр кеткенде молынан кетедi. Бiр жылда бiр-ақ апта болады үйiңде. Мен саған қатты таңғалам, қалай шыдайсың?
– Бiр аптаға шыдауға болады ғой.

* * *

Екі келіншек сырласып отыр:
– Менің күйеуім біздің қай күні үйленгенімізді де білмейді.
– Еркектердің бәрі сондай ұмытшақ келеді.
– Мұның бір жақсы жағы бар: қыста бір рет, көктемде бір рет есіне түсіріп қоямын да, жылда екі сыйлық аламын…

* * *

Әйелі күйеуіне: «Мен ұрыса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің?» – деп сұраса, күйеуі: «Қымбаттым, «кім бірінші тоқтайды екен: сен бе, әлде сағат па» деп қараймын», – деп әзілдей жауап беріпті.

***

Әйелі күйеуіне: «Неше жыл өтсе де әмияныңда менің суретім тұр. Оның себебі неде?» – десе, күйеуі: «Қандай да бір қиындыққа кез болғанымда сенің суретіңе бір қарап аламын. Проблема жоғалғандай болады», – дейді.
Әйелі: «Сонда мен саған күш беріп тұратын болғаным ғой?» – десе, күйеуі: «Әрине, суретіңе қарап «бұдан асқан проблема бар ма» – деп, өзімді жұбатамын деп әзілдеген екен.

***

«Ежелгі Грекия аңыздары» деген кітап оқып отырған бала әкесіне қарап:
— Әке, ежелгі гректер жеңісті неліктен әйелмен бейнелеген?, — деп сұрайды.
Сонда әкесі оған:
— Үйленген соң білесің, балам, — депті.

***

– Сүйіктім, 8 наурызға қандай сыйлық қалайсың?
− Білмеймін, әлі ойламадым ол туралы.
− Онда мен саған 1 жыл ойлануға уақыт беремін.