ОҢТҮСТІК КОРЕЯ….
Экономикасы жағынан әлемде 11-ші орында тұрған ел. Орта есеппен айына 3000 доллардан алады.
Кедей көрмейсің. Көбі 82-ге дейін өмір сүреді. Әлемдегі бала өлімі ең төмен мемлекет. Озық технология өндіретін елдің бірі.
Мәшине, смартфон мен телебізірді айтпағанда, суда жүзіп жүрген әрбір үшінші кемені осында жасайды. Халқы – әлемдегі ең білімді, бәсекеге қабілетті халық саналады.
Мектептері білім беру жағынан ең үздіктердің қатарына кіреді. Дәрігерлік қызмет сапасы жағынан да әлемдегі үздік үштікке енген. Әскери қуаты жағынан жер жүзіндегі мықты бес елдің қатарына ілігіпті. АҚШ, Жапониямен салыстырғанда, ғылымға ең көп қаржы бөлетін ел.
Интернетке ең көп қосылған адамдар да осында тұрады. Жері кіп-кішкентай, мұнай, газ, пайдалы қазба деген атымен жоқ.
Соғыстан құр сүлдерін сүйретіп әрең шықса да, бірақ олар осының бәріне дәстүрін, тілін сақтай отырып айналдырған 30 жылда қол жеткізген екен!
Жолымбет МӘКІШ.