Махаббат бокалы

 

Махаббат барда керегі шіркін жоқ та ақыл,

Махаббат үшін — суға түс жаным, отқа кір.

Сендерді күтіп тағадырын қиып уыздай,

Раушандар күллі сапта тұр.

 

Сендерге айтам махаббат жайлы ертекті,

«Махаббат» деп ем, кеудем жақ тұсы селт етті.

Білесің сен де мағмұрсыз мынау дүниеден,

Махаббат үшін Қозы мен Баян ерте өтті. 

 

Махаббатымның жүзікте де емес сыңары,

Махаббатымның жүректе де емес тұрағы.

Мен бәлкім күнім, ақын боп кеттім содан да,

Бәріне соның махаббат қана кінәлі.

 

Махаббатыма жете алмай қалып шерменде,

Махаббат жайлы жыр оқып тұрмын, емдер ме?

Махаббатыма маңдайымды сүйеп өлемін,

Мәңгілік жалғыз махаббат тілеп сендерге!

 

Мирас АСАН.