Ватсаптағы қызықтар

Карантин деп…

Үйдегі адамдармен біраз жақынырақ таныс болып жатырмыз, әйтеуір…

Бүгін үшінші күн болды.

Әйелім – Ұлы жүз, Албанның қызы екен. Банкте істепті. Өзі 3-4 айдан бері екіқабат екен.

Бала-шаға біраз өсіп қалыпты,  «2, 6, 9 сыныпта оқимыз» дейді ме?..

Үш бала-шаға жүр, әйтеуір, үйде.

«Папа, папа» – деп қояды.

Шүкір, шүкір.

Бәрі өзім сияқты қарапайым жандар екен.

Бұл ай…

Қонағасы жоқ  (Ысырап).

Той жоқ (Даңғазалық).

Дүкен аралап, көше кезу жоқ (Сергелдеңдік).

Дос-жаранмен жүздесіп, өсек айту жоқ (Ғайбат).

Тірлік қуып, таңнан тұрып, түнде қайту жоқ (Құлдық).

Тек, ҰЙҚЫ, ТАМАҚ, ҮРЕЙ…

Өзіңнен есеп алып, Құдаймен бетпе-бет келетін уақыт (Тәубе).

Бір үйлі жанды бір-біріне жақындастыратын уақыт (Сүйіспеншілік).

Ойыңмен арпалысып, өз-өзіңнен есеп алатын уақыт (Тазару).

Өткенді саралап, келешекке жоспар құратын уақыт (Үміт).

Алауыздықтан арылып, адамды адам сағынатын уақыт (Кешірім).

Үш уақыт тамаққа тойып, ұйқы қандырсаң да, көңілің байыз таппайтын уақыт (Құлазу).

Ең қиыны – қанша сағынсаң да, жолыға алмайтын, жақсы көрсең де, жақындай алмайтын уақыт (Махаббат).

Ал, соңғысы әлемді құтқарады…

МЕН СІЗДЕРДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ!

Қашықтан оқып жүрген балалар жазбасынан

– А-па-ай, телевизорға қашан кіре-е-е- е-сіз?

***

– Мұғалім, мен «Ел Арнаны» қосып қойдым. Бірақ, ішінде сіз жоқсыз ғой.

***

– Мұғалім, дене шынықтыруға киінейік пе?

***

 – Ағай, далаға шығып, жүгірейік пе, не істейік?

***

– Мұғалім, бір айтқан сөзіңіз – мөлдіреген көзіңіз ғой. Қазір істеп тастаймын да жіберемін. Уайымдамай-ақ қой ыңыз!

Топтаманы әзірлеген Қызғалдақ АЙТЖАН.

Ortalyq.kz.