Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер

 

Ауыл болса – қауым бол.

***

Бірлік болмай – тірлік болмас.

***
Ауылы бірдің – ауызы бір.

***

Ырыс алды – ынтымақ.

***
Тозған қазды
Топтанған қарға алады.

***
Ынтымақ түбі – бірлік.

***
Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.

***
Теңге тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.

***
Көнектен шошынған бие оңбас,
Көптен бөлінген үй оңбас.

***
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.

***
Қырық кісі – бір жақ,
Қыңыр кісі – бір жақ.

***
Күшенген жеңбейді,
Күші көп жеңеді.

***
Ынтымақ – бұзылмайтын қорған,
Қысылып еккен ағаш – орман.

***
Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

***

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

***
Аздың азаншысы болғанша,
Көптің қазаншысы бол.

***
Күш – бірлікте.

***
Саусақ бірікпей –
Ине ілікпейді.

***
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?

***
Біршілік болмай – тіршілік болмайды.

***
Ұйымдасқан ұтады.

***
Тоқтығында жараспаған,
Аштығында қараспайды.

***

Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.

***
Қосылғанның – қолы ұзын,
Қос керуеннің – жолы ұзын.

***
Байлық байлық емес, бірлік – байлық.

***
Қол жұмылмай – жылынбайды.

***
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

***
Ынтымақтың арты игі.

***
Ынтымақсыз елді –
Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді –
Дұрысы билейді.

***
Жұрт келгендей жиын болсын,
Жұмылған қолдай ұйым болсын.

***
Бір кісінікі – мақұл.
Екі кісінікі – ақыл.

***
Тірлік басқа болса да,
Тілек бір.
Бармақ басқа болса да,
Білек бір.

***
Итпен ит ырылдасса,
Тамағының тоқтығы.
Жігітпен жігіт ырылдасса
Ынтымағының жоқтығы.

***
Жері азған елде
Тоқшылық болмайды.
Ері ынтымақты елде
Жоқшылық болмайды.

***
Біреуге біреу сеп,
Тамға тіреу сеп.

***
Тату елдің тамағы таусылмайды.

***
Ұрыстың арты – реніш.
Татулықтың арты – кеніш.

***
Берекені көктен тілеме,
Бірлігі мол көптен тіле.

***
Біріккен бітіреді,
Ұйымдасқан ұтады.

***
Саусақ ашылса қырдырық,
Жұмылса – жұдырық.

***
Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас.

***
Ынтымақ жүрген жерде –
Ырыс жүреді.

***
Әрі жат, бері жат –
Таршылықтың белгісі.
Сен же, мен же –
Баршылықтың белгісі.

***
Жас — жастың тілегі бір,
Ынтымақтың білегі бір.

***
Тірліктің күші – бірлікте.
***
Адамның күні адаммен.

***
Бар жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.

***
Дәулетіне қарай сәулеті.

***
Бірліксіз істе береке жоқ.
***
Бірлігі күшті ел азбайды,
Пішу кең көйлек тозбайды.

***
Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген – жер сыйы,
Алғыс деген – ел сыйы.

***
Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.

***
Ынтымақ – ырыс қазығы,
Уәде – жанның азығы.

***
Береке көзі – бірлікте.