Қысқа қазақы әзілдер

— Қызым, неге тұрмысқа шыққың келмейді? – Туу, апатай оның шашы аппақ. Арғы жақтан әкесі: Ештеңе етпейді, қызым, ол сенімен бірге өмір сүрсе таз болады.

— Ой, сіңлім, мына жерде шылым шегуге болмайды. Балаларды көрмей тұрмысың! – Ой әпкетай, қойыңызшы, шылымды мен сол балалардан алдым ғой.

Бір ханшайым мәшинесімен келе жатып бағдаршамның қызыл көзі жанғанда тоқтайды. Сары жанады – ханшайым әлі тоқтап тұрады, жасыл жанады – ханшайым әлі қозғалмайды. Содан қызыл қайта жанады да, арттағы келе жатқан басқа мәшине жүргізушілері айқайлайды. Сол сәтте тәртіп сақшысы келіп сұрайды: — Ханшайым, бұл үш түстен басқа тағы қандай түс қалайды?

Егер сәттілік сізден теріс айналды ма, мұңаймаңыз. Бір тебіңіз! Кім тепкенін көру үшін, ол міндетті түрде артына бұрылып қайрайды.
Дұрыс тамақтанудың құпиясы – азық-түліктің неден жасалғанын оқымай — ақ қою.

Баяғыда бір ер адам Құдайдан сұрапты: «Неге барлық қыздар тартымды, мейірімді, ал әйелдердің бәрін арам, долы етіп жараттың» депті. Сонда Құдай былай жауап беріпті: Қыздардың бәрін мен жараттым, олардан әйел жасайтын сендер деген екен.

Жігіттердің сақтықпен қарайтын екі нәрсесі: мәшинесінен шыққан түсініксіз гүріл және кенеттен нәзік, мейірімді жағымды бола қалған қыз.

Бір данышпан, тыңдармандарға күлкілі әңгіме айтып берген екен, бүкіл дәріс тыңдап отырғандар ішек — сілелері қатып күліпті. Бірнеше минуттан соң ол әлгі әзіл әңгімені қайта айтыпты. Тек, екі — үш адам ғана күліпті. Содан дана үшінші рет қайталап айтқанда, ешкім күлмей қойыпты. Қарт дана сонда күліп, былай депті: бір әзілді қайталап айта берсе күлмейсіңдер. Ал ендеше, көңіліңді түсірген бір нәрсеге неге қайта — қайта жылайсыңдар? — деген екен.