Жүрегіміз демалсын!

Адам мүшелері сөйлесіп, «- сен қашан демаласың?», — деп бір-бірінен сұрап отыр дейді. Аяқ, қол, көз және басқалары:
— Біз ұйықтағанда демаламыз, — десе. Асқазан:
— Мен тамақты сіңіргенде демалып аламын, депті. Бәрі жабылып, үндемей отырған жүректен:
— Сен жаралғаннан бері жұмыс істеп келесің. Қалай демалып жүрсің?!, — деп сұрапты. Сонда жүрек:
— Мен адамдардың бір-біріне айтқан жылы да жақсы сөздерінен демаламын!, — десе керек шын жүректен.

Жылы сөзімізді аямай айтып жүрейік. Жүрегіміз демалсын!

Расында суық сөздің ызғары жүректі қатырып тастайтындай…