15 балаға 159 мың төлейді дегенді ести сала жедел киініп, апыл-құпыл жиналып жатқан күйеуіне əйелі:
— Қайда барасың, — депті.
-Кезінде жігіттік жасап, сері-пері болып жүргенде əр əйелден таптырған, бірақ өзіңе айтуға бата алмай жүрген біраз балам бар еді. 159 мың аз ақша емес, өтер іс өтті, сен енді ренжіме, далада жатқан ақша да жоқ, бала да жоқ, мен елдегі балаларымды жиып алып келейін, — деп күйеуі үйден асығыс шығып кетіпті.
Əйелі үнсіз келісіп қала беріпті.
Біраз күннен кейін күйеуі бірін жетектеп, бірін сүйретіп он шақты бала алып кеп тұр дейді. Сөйтсе үйіндегі бес-алты баладан бір-ақ бала қалыпты.
— Қатын, баллар қайда кеткен, — деп күйеуі айғай салыпты.
Сонда əйелі түк саспастан:
— Оларды əкелері келіп алып кетті, — депті.
Ерлан Төлеутайдың фейсбук парақшасынан