Ислам дінінің шығуы, оның араб жұртына тарауы жөнінде жазып уақыт жоғалтпайын.
Мұхаммед пайғамбар тірі кезінде (571-632) араб түбегін түгел өзінің құзырына қаратты.Барлық араб ру-тайпаларын Ислам туының астына біріктірді. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін әзер бағынып жүрген кейбір тайпалар бұл күштеген «одақтан» шыққысы келіп қарсы көтерілді.Тағы да араб сахарасында Тулайха,Салдах, Мусайлима секілді т.б «жаңа пайғамбарлар» шыға бастады.Азамат соғысы етек алып,ақырында Абу Бакр көтерлісшілерді аямай езіп-басты.
Пайғамбар өлгеннен кейін оның біріктіріп-құрған мемлекеті «Халифат»-деп атала бастаған еді.Яғни Халиф (пайғамбардың ізбасары) басқарған мемлекет. Халифат-дін басылар,діншілдер басқарған араб мемлекеті.
Жалпы араб түбегі, онда көшіп-қонып жүрген бедуиндер сол замандар да ешкімді қызықтырмайтын, қаншама парсы патшалары (Кир,Дарий т.б) мен Рим императорлары өтті,олар да мәдениеті мен өркениеті арта қалған арабтардан тағлым алып,араласуды өздеріне лайық санамайтын.Тіпті жерлерін жаулауға да қызықпады.Көрші тұрған сол замандағы Визиантия империясы да араб түбегіне аяқ баспаған.Бері өткісі келген бедуиндерді шағын легиондарымен қақпайлап, құмдарына айдап тастап отыратын.А.Македонский де шығысқа жорық жасағанда араб жеріне бұрылмады,жаулауға қызықпады.
Ол кезде арабтар пұттан жасалған мың (Аарат, Аллат,Хубал,Манат,Иллох т.б) құдайларына табынып, өзді-өзді араб арасынан шыққан жүздеген пайғамбарлардың жетегіне еріп,көшіп-қонып жүре беретін.
Арабтардың Саба,Маин сияқты мемлекеттері көрші отырған өркениетті Филистия (Палестина) Арамей патшалығы (Сирия) Вавилон мен Шуммер-Аккад (Ирак) мемлекеттерімен араласып,сауда-саттықпен айналысып сол жұрттардың тілінде сөйлейтін.Арабтардың исламға дейінгі сыйқы осындай еді.
Арабтар 7 ғасырдың ортасында күшті мемлекеттік жүйеге бірікті, енді өздерін менсінбей келген көрші мемлекеттерді жаулап, сол жердегі мәдениеттер мен өркениеттерді иемденді,халқын арабқа айналдырды.
Жалпы орта ғасырлық Ислам дәуіріндегі араб Халифатын төрт кезеңге бөлуге болады.Және олар үш әулиеттің иелігінде болды.
1) Әділетті дәуірдегі халифат (Праведный халифат)
2) Омейядтар әулиеті басқарған халифат
3) Аббасид әулиеті басқарған халифат
4) Осман халифаты
(арабтар мойындай қоюы екі талай)
Әділетті дәуірдегі «әділетті» халифтер:
1) Абу Бакр ас-Садық
(пайғамбардың қайын атасы.632-634 жж Халиф болды)
2) Омар ибн Әл-Хаттаб
(пайғамбардың қайын атасы.634-644 жж Халиф болды)
өлтірілді
3) Оспан ибн Аффан
(екі мәрте пайғамбардың күйеу баласы.644-656 жж Халиф болды)
өлтірілді
4) Али ибн Абу Талиб
(пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы.656-661 жж Халиф болды)
өлтірілді
Абу Бакрдың кезінде Йемен, Бахрейн,Сирия жаулап алынды,одан кейінгі халиф Омардың кезінде Палестина мен Ирак,Египеттің бір бөлігі жаулап алынды,Александрия қаласындағы кітапхана өртелді.Және осы кезде алғаш рет Құран сүрелері мен аяттары қағазға түсірілді,яғни жазылды.Оған дейін ауызша айтылатын. Оспанның кезінде арабтар Кавказға аяқ басты және Иранды толық жаулап болды.Қолбасшы Муавия ибн Абу-Суфьян арабтарға алғаш рет кеме жасап, Крит және Кипр сияқты аралдарды жаулады.
656 жылы пайғамбардың күйеу баласы Али халиф болды,бірақ Алиды Оспанның өліміне қатысы бар деп санаған кейбір қолбасшылар, соның ішінде Муавия ибн абу-Суфьян оған қарсы шықты.
Алидың халиф болған кезеңі Халифаттағы азамат соғысымен өтті десе де болады,661 жылы Али-де жалдамалы жендеттердің қолынан өлтірілді.
Әділетті деген халифтар (Омар,Оспан,Али) неге қастандықпен өлтірілді? Егер әділетті болса олардың жаулары болмас еді ғой.Әділетті халифтар неге өзгенің жерін жаулап,халқын қыруға құштар болды? «Әділетті халифтар» басқарған 20 жылда арабтар Сирия,Ирак, Иран,Палестина, Кавказ,Шығыс Египет сияқты жерлерді жауалап алып,сол жерлердің халқын ислам діне зорлап кіргізді.Егер Ислам шыныменде Аллаһтан келген дін болса,сол жерлерге қылыштың жүзімен жауланбай-ақ тарамайтын ба еді?
Али өлтірілгеннен кейін өзге «сахаба»-ларға халифтың тағы бұйырмады.
Жаңадан халиф болып Алидың ұлы Хасан отырды,бірақ ол өте дарынсыз болатын.Ішкі азамат соғысын тиып, халифатты ұстап тұру қолынан келмеді.Сол реттен халифтың тағын қолбасшысы Муавия ибн абу-Суфьян тапсырды да,өзі Мадина қаласына кетіп қалды.Жаңа халиф Муавия,бұрынғы Мекке қаласының басшысы,Мухаммед-пен өле-өлгенше алысқан Абу Суфьянның ұлы болатын.Осылайша Халифат басына пайғамбардың ізбасарлары және ұрпағы боп саналмайтын Омейядтар әулиетті келді.
Неге халифат астанасы гүлденген Дамаска не Бағдат қалалары болды?
Неге исламның шыққан жері Мекке не Мадина секілді араб қалалары халифат астанасы болмады?
Өйткені бұл қалаларда өнер мен мәдениет,білім мен ғылым арабтар келместен бұрын дамыған болатын. (арабтар келгеннен соң сол кездегі ғылым автоматты түрде араб ғылымы боп тарихта жазылды,сол замандағы ғалымдардың аты-жөндерін арабшаға ауыстырылды.Жұрт оларды қазір «араб»-деп таниды)
Омейядтар кезінде Орта Азия мен Индия жаулап алынды.
641-709 жылдары арабтар көнеден келе жатқан мәдениеттер саналатын Карфаген (Тунис) Мавритания (Марокко) Пентаполист (Ливия) Нумидия (Алжир) және Египет сықылды елдерді жаулап,ол жерлерді Магриб, Египет және Ифрикия деп аталатын үш аймаққа бөліп тастады.Кейін бұл аймақтардың халқын түгел арабтандырды,тілін жойды.
Африканың солтүстігі арабтарға қарағаннан кейін,олар европаны жаулауға дайындала бастады,ақыры 711 жылы Иберия жарты аралына (Испания) басып кірді.
Жалғасы бар…
Қайсар Еламанның фейсбук парақшасынан алынды.