Қос өкпең қабынғанда,
Өсекке таңылғанда,
Бұл аяр, сұм дүние
Есепке бағынғанда
Тоңатын осы жүрек!
Сезімге бай күндерде
Көрсетпей қайғыңды елге,
Тазарып алайын деп,
Айнадай айдын көлге
Қонатын осы жүрек!
Ер көңіл, қыз қылықты
Әнге орап ізгі үмітті.
Әлемге адалдықты,
Бар елге ізгілікті
Тілейтін осы жүрек!
Той думан, тамашада
Ән салмай жараса ма?!
Қызыққа бөлеп елді,
Ал кейін оңашада
Жүдейтін осы жүрек!
Қалсада кейін жүдеп,
Есілген мейір жібек,
Көңілдің қыл пернесін
Қозғасын Сейіл жүрек,
Маздасын Сейіл жүрек!!!
Қайрат Асқаров