Әкемнің аты шапқан сайын өрлейді…(Әке туралы мақал-мәтелдер)

Әкені көріп ұл өсер, Шешені көріп қыз өсер.

***

Әкелі жетім анық жетім, Шешелі жетім жарым жетім.

***

Әкемнің аты шапқан сайын өрлейді.

***

«Әкем бар» деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.

«Балам бар» деп мақтанба жаман туған боқ болса.

«Ағайыным бар» деп мақтанба дос-дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса (Төле би).

***

Әкем маған ат берді, «далақта да шап» деді.

***

Жақсы әке жаман балаға, Қырық жыл азық.

***

Сайына қарай — саласы, Әкесіне қарай — баласы.

***

Әкемнің өлерін білсем, Өнерін сатпас па едім.

***

Әкесі құрдастың, баласы құрдас.

***

Әкемнің шоты аса-аса тиеді.

***

Әкенің жақындығы жездедей-ақ.

***

Әкең бермегеңді базар береді.

***

Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

***

Әке балаға қарыз, Бала далаға қарыз.

***

Әке балаға сыншы.

***

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

***

Әкеден безген ұл болмас, Анадан безген қыз болмас.

***

Әке жүрегі таудан үлкен, Ана жүрегі теңізден терең.

***

Әкелі бала жаужүрек, Әкесіз бала сұмжүрек (Бұқар жырау).

***

Әкең жақсы кісі еді жел жағыңа пана еді. Анаң жақсы кісі еді жетімдерге ана еді.

***

Әкең мұрап болғанша отырған жерің ой болсын.

***

Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгеңде қайтпексің?

***

Әкең өлседе әкенді көрген өлмесін.

***

Әке сөзі — оқ, Шеше сөзі — боқ.

***

Әкесі бардың арысы бар, Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.

***

Әкесіз жетім гүл жетім, Шешесіз жетім тұл жетім.

***

Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға алмайды.

***

Әкесі қоңыз атанғанның баласы доңыз атанады.

***

Әкесінің баласы — адамның баласы, адамның баласы — бауырың.

***

Әкесі оқ атпағанның баласы боқ атпайды.

***

Әкесі өлгеңді де естіртеді.

***

Әкесі сыйламаған кісіні — баласы сыйламайді.

***

Әке тұрып бала сөйлесе — ер жеткені, Шеше тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені.

***

Әке ұрған ұл оңар, Шеше ұрған қыз оңбас.

***

Сайына қарай саласы, Әкесіне қарай баласы.

***

Әке көрген – оқ жонар.