Сыныптастар толып жүр екен…

Бірде қасқыр, түлкі, есек бірігіп бизнес ашпақ болыпты. Бірігіп отырып бизнес планды жасаған. Ақша тапқан. Енді тек әкімдікке тіркету ғана қалады. Содан барлық құжатты жинап қасекең қалалық әкімдікке тартады. Үш күн дегенде зорға құлағы салбырап қайтып келеді. Шаруа бітпеген.
— Қасеке, қазір азуға сенетін заман емес. Ақыл мен айла керек. Мен барып қайтайын, — деп құжаттарды қолтықтап түлкі кетеді. Түкең бес күн жүріп ол да түк бітірмей оралады. Содан амал жоқ Есек акиматқа тартады. Ескең бір сағаттың ішінде жайрандап жетіп келеді. Құжатқа қол қойылған. Рұқсат құжат қалтада дегендей. Қасқыр мен түлкі аң-таң. «Еске, мәселені қалай шештің?» дейді жарыса. Қиын түгі жоқ. Акиматқа барсам сыныптастар мен курстастар толып жүр екен депті Есек.