Жошы – Шыңғыс қағанның өз ұлы емес пе?

Жалпы, Шыңғыс ханның шығу тегі туралы талас көп. Көп жазбаларда Шыңғыс ханды «маңғол»- деп көрсетеді. Әлем Шыңғыс ханды түріктерге қимайды, ондай «алтын ұлдың» түрік болғанын қаламайды.
Соның ішінде ҚАЗАҚ болуын тіпті «қорқыныш» санайды. Әлем тарихшылары мен жұртшылығы былай тұрсын, қазақтардың өзі екіге жарылған. Менің де Шыңғысханды «қазақ» ету ойымда жоқ. Осы постты оқығаннан кейін-ақ өздеріңіз білерсіздер. Бір білерім Шыңғыс ханның ТҮРІК нәсілінен екені!
Жалпы оны талдау бір постың аясына симайды және кәсіпқой тарихшы болмағаннан кейін менің міндетім де емес. Тек бір-екі мысал келтіре кетіп, айқай-шу шықпай тұрғанда әрі өтіп кету.
Шыңғысханның туған,өмірге келген жері туралы да дау көп.
Бірі Алтайда туылған десе, бірі Жетісуда туған дейді, ал бұрыннан тарихта аталатын жері Маңғолия.

Шыңғыс ханға кіріспес бұрын сол кездегі жағдайға шолу жасап кетелік.
731 жылдары Шығыс Түрік қағанатының әйгілі қолбасшысы Күлтегін қайтыс болады,көп ұзамай 734 жылы Білге қаған да о дүниелік болған еді.Қағанаттың ішіндегі тайпалық одақ арасында тартыстыр басталады.Білге қағанның ұрпақтары қағанатты ұстап тұра алмады.Ақыры бірлігі кеткен Көк Түріктерді (Ашина) Қарлұқ, Басымыл және Ұйғыр тайпаларының біріккен қолы биліктен тайдырды да,өз қағанаттарын құрды.
Қағанаттар халқы сол баяғы түріктер,тек билікке келуші өзге түрік тайпалары.Сол заманда қай тайпа билікке келсе,қағанат сол тайпаның атымен аталатын.
Сонымен тарих сахнасына «Ұйғыр қағанаты»-деген атпен белгілі Сары-Үйсіндер шықты.Олардың бүгінгі Ұйғырларға еш қатысы жоқ.Сол кездегі Ұйғыр қағанатының негізгі мұрагерлері саналатын «сары үйсіндер» қазір Қытайда тұрады, қалғаны шамамен 15-20 мыңдай адам.
Ал, Қарлұқтар оңтүстікке ығысып, Түркештерді өзіне қосып алып күшейгенін білесіздер. Ал, Шығыс Түрік қағанатының орнын Сары Үйсін (Ұйғыр) қағанаты басты.
845-847 жылдары билікке таласқан Ұйғыр бектері қағанатын әлсіретті,ақыры солтүстіктен 80 мың әскермен басып кірген Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандады.
Барлығы да бір-бірін билік үшін кескілеген туысқан, бауырлас түрік тайпалары еді.
Түрік қағанатының орнында бір-біріне бағынбаған. Керей, Найман, Қият, Меркіт, Татар, Қоңырат, Керейіт, Жалайыр, Арулат, Арғұт (Арғын) Қимақ, Қатон, Туленгу, Баяуыт, Барлас, Барын, Ұранқай, Хатакин, Кинкият т.б көптеген тайпалар мен рулар пайда болды.
Тарихшылар Татар тайпасы құрамында Оңғыт,Маңғыт, Алчы (Алчи-татар) рулары болғанын айтады.Оңғыттар бүгінгі Орта Жүздегі Уақ руы екенін білесіздер .Маңғыттар Алтын Орда кезінде дәуірлеген болатын.Ал Алчы руын бүгінгі «Алшын тайпасы» болар-ау деп жорамалдайды.
Бұл кезде Халха маңғолдар Қидан мемлекетін құрып, солтүстік Қытай аймағы арқылы Жетісу мен Орта Азияға дейін барып,талқандалған болатын.Қалғаны кейін өзінің Манчьджурия далаларына қайтқан кезі тұғын.Негізгі арғы аталары кезінде Ғұндар талқандаған-Дунхулар.Кейін Сяньби мемлекетін құрды.Ол кезде халха маңғолдардың қазіргі Моңғолия даласына келмеген кезі.Ол жерлерді сол уақыттарда түрік тайпалары мекен еткен болатын,кейін түрік тайпалары Шыңғысханмен бірге батысқа кетіп, жайлаулар босағаннан кейін ғана халаха мұңғылдар орналаса бастады.

1170 жылы керей ханы Тұғырыл тегі бөлек қидандарға (халха мұңғұл) жорық жасайды сол жорықта Тұғырыл ханның жасағын басқарған Есугей баһадүр жеңіске жетеді. Есугей қият ханы Қабылдың немересі болатын. Әкесі аты-Бартан батыр (кейбір тарихшылар «Қият» деген тайпа болмаған дейді,біз сол күйінде жаза берелік)

Есугей аңшылықта жүріп,меркіттің шағын көшіне кезігіп қалады.Меркіттер Қоңырат сұлуы Айлун (Оэлун) бегімді алып келе жатқан беті екен.Айлун сұлуды ұнатып қалған Есугей,дала заңын аттап меркіт көсемі Тоқта бектің інісі Шіледу-ді өлтіріп, қалыңдығын алып кетеді.Бұл бассыздық далаға тез тарады,Қият ақсақалдары «меркіттің жесірін өздеріне қайтар»-дегеніне қарамай,Есугей батыр Айлунды өзіне екінші әйел етіп алады. Оған дейін Есугейдің Жошыгүл (Сочигул) деген әйелі болатын.
Жошыгүл хатун Есугейге: Бектер мен Белгітай деген екі ұл,ал Айлун хатун: Темучин,Хазар,Қашын,Теміке атты төрт ұл мен Темулен деген қыз туып берген.
1162 жылы Есугей батыр Темучин туылғанда,ағасы Амбағай ханды өлтірген татарлармен соғысып,олардың Темучин мен Қоры-Бұқа деген батырларын қолға түсіреді.Темучин батырдың өлер алдындағы қайсарлығы мен жүректілігіне тәнті болған Есугей ұлына соның атын береді.
1171 жылы Есугей батыр татарлар қолынан қаза табады (ал Рашид-ад-дин өз ажалынан өлді дейді)
Есугей батыр өлгеннен кейін оның мал-мүлкін Қият тайпасының жаңа көсемі Тарғұтай тартып алып,екі қатыны мен жеті баласын жұртқа тастап,көшіп кетеді.Темучиннің өмірі осылай қиындықпен басталады.Шөптің тамырын жеп,балық аулап күн көреді.Темучин он үш жасында балығын тартып алған ағасы Бектерді өлтіреді.

1183 жылы Темучин Бөржігін (бөрі тегін) руын біріктіріп,Қоңырат руының көсемі Дай-шешеннің қызы Бөртені әйел қып түсіреді. Сол жылы наймандармен қақтығысқан Тұғырыл ханға көмекке кеткен Темучиннің жоқтығын пайдаланған меркіт-татарлар ауылын шауып, әйелі Бөрте мен шешесі Жошыгүлді тұтқындап алып кетеді. Меркіт бегі Тоқта бір кездегі Есугейдің Айлунды тартып алып, інісі Шіледу-ді өлтірген кегін осылайша қайтарады.Меркіт көсемі Тоқта бек Бөртені кіші інісі Шілінгірге әйелдікке береді.
1184 жылы Темучин Қият тайпасының жүргін,чаншиут, құралас, жасар,тарклы,қойын т.б руларын өзіне қосып, күшейеді.Темучин Керей көсемі Ван хан (Тұғырыл) және Джаджират (Жалайыр) руының көсемі Жамұқа ноянмен бірігіп,меркіттерге соқы береді және әйелі Бөртені он айдан соң босатып алады.Бөрте Шілінгірден аяғы ауыр болып елге оралады. Содан дүниеге екі айдан кейін өмірге үлкен ұлы Жошы келеді. «Жошы Шыңғыстың өз баласы емес» деген әңгіме де осыдан шыққан болса керек…

(жалғасы бар)