Силвестр Стоаллоне жетістікке қалай жетті?

«Мен өмірде ештеңеге қолым жетпей, түкке тұрғысыз біреу болып қалуым керек еді. Тағдыр маған туа салып тауқыметін артты — бетімнің жартысы жансыз болатын. Ұстаздарым ақылы кеміс десе, анам балалық шағымда-ақ үмітін үзді.
Аштықтағы, жоқшылықтағы жеті жылымда продюсерлер актерлігім мен сценари жазуды тастауымды жамырай дәлелдеп, санама сіңіріп-ақ бақты. Кастингтерде күртешемді шешпей жатып жолымды кессе, сценарилерімді оқымай- ақ, жарамсыз деп лақтыра салатын.
Жұмыста көз жасымды тұншыға жұтып, зообақта арыстанның торын тазаладым, ет те шауып апардым.
Ауыр да, азапты жеті жыл…
Торығу, өмірден баз кешу кезеңдерін бастан кешпей, сезінбей жалғанда ештеңеге қол жеткізе алмайсыз.
Ал содан кейін?
Сосын жыл бойы бар болғаны 1600 долларға ғана тіршілік кештім. «РОККИ-ді» жаздым… Әрі қарайғы жетістіктерімді білесіздер.
ӨЗІҢІЗГЕ ҒАНА СЕНІҢІЗ, АНАҢЫЗДЫ ҒАНА АЯЛАҢЫЗ. Одан артық бізді ешкім де сүйе алмайды, сүйеу де бола алмайды.»
Аударған: Адемау Толысбаева