Қазақтардың малды бауыздап қанын әбден ағызып болғаннан соң,сойып-жіліктеп,етті тұздап сорғытып жеуінде өміршең ғылымилықтар бар!..Бұл Ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойы жинақтаған ғылыми тәжірибесі екені анық!!..
Малды бауыздап қанын әбден ағызғанда,денедегі әрі қандағы өте қауіпті вирустар мен элементтер сыртқа ағып шығып кетеді де,ет тазарады. Ал,етті тұздағаннан кейін етті таза бақанға не болмаса таза арқанға,салмаға іліп қойып сорғытады. Сорғу кезеңінде де сарсуы ағып тазарады.
Ет асқанда ет бір қайнағанда көбігін алу салты бар!¿!?..Көбікте көптеген бактериялар мен холестериндер бар. Бұл да денсаулыққа залалын тигізеді. Еттің көбігін алып болғасын етке тұз салады. Тұз еттің дәмін келтірумен бір уақытта,еттегі ауыр-артық бактерияларды өлтіреді..
Қазақта және тамақтың беті ашық қалмауын дәріптейтін әдет те бар. Беті ашық қалған жемектіктер ауадағы бактерияларды жиып алады да,жегеннен соң ауыру бағыштайтын болады.
Мұздатқыштарда пысқан тағамдарды ұзағанда бір-екі күн ғана сақтап жеген жөн,көп күндер бойы сақтап жеуге болмайды!!.. Қазақта және де»сынықтан басқаның бәрі жұғады,ауыру астан болады!..»дейтін құнды сөз бар!.. Бұл әлі өз құнын жойған жоқ!?..
Жеті түрлі жәндіктің етін жеуге болмайды:
1. Миы жақсы істемейтіндер, мәселен, шошқа, т.б…
2. Түсі жамандар, мәселен, бақа-шаян, жыландар;
3. Тынымсыз жорғалайтындар, мәселен,
тышқан;
4. Үй хайуандары,ит-мысықтар;
5. Жауыз хайуанаттар, мәселен,
жолбарыс — арыстан — қаблан, крокодил,
аю, қасқыр, борсық-суырлар, т.б;
6. Есті хайуанаттар, мәселен, маймыл, піл, түлкі, т.б;
7. Қанаттылар, жарғанат, үкі,
қаршыға, бүркіт, т.б!!!.. Бұлардың денесінде өте күшті бактерия болады!?…
Міне қазақ, осылардың бірін де жемеген.
Ермек Құрманғалитегі парақшасынан.