«Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар,
Саналы жастар бұл сөзді ұғып, бағамдар.
Ќос өзен сынды ќос тағдыр бүгін ќосылса,
Жарасым тауып жасалсын ізгі ќадамдар.
Өмір жолында серік боп ылғи сәттілік,
Шамшырақ сынды жетелей берсін тәтті үміт.
Беу, қарақтарым, алтын тойды да тойлаңдар,
Отауларыңнан қуаныш кетпей, бақ күліп.
Көңілде көктем, махаббат гүлі, нұр гүлі,
Естілсін үйден күміс күлкінің сыңғыры.
Өрісі кеңіп, бабадан қалған әулеттің
Тербеліп бесік, естілсін сәби былдыры.
Адами ғұмыр болары айқын бір нүкте,
Жақсылық келер, ынтымақ бар да, бірлікте.
Бас қосқан жастар сендерге үлкен тілегім –
Біріңе-бірің сүйеніш болың тірлікте.
………………………………………………………
Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
Өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
Жеміске толы болсын әрбір күзің.
Шуағын, Төге берсін, Тәңір нұрын.
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
Үйіңе үбір-шүбір, Ұл-қыз толып,
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың!
……………………………………………………..
Шаңырақтың шырағысың, шаттығы,
Текті жердің тұяғысың, ақ гүлі.
Мың жыл құда болуға да атты күн,
Екі жасқа құдай берсін бақ бүгін.
Әке-шешең арнап отыр жыр-ағын,
Кәусар, таза мөлдіреген бұлағым,
Барған жерге судай сіңіп, ұнағын,
Бақытты бол, бақытты бол, шырағым!
………………………………………………………….
Көкірегі сырға толы күй — дастан,
Алатаудай арманы бар жүздеген,
Өзі өскен ортасына сыймастан
Түзден бақыт іздейді екен қыз деген.
Тағдыры оның суық қарап, сыздана,
Шешімі ауыр сын артқанмен санаға.
Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала,
Айналатын шуақ шашқан Анаға!
…………………………………………………………..
60 жас арнау өлең
«Өнер» десе ішкен асын беретін,
Қара терін халық үшін төгетін.
Шәкірттерін сүйетұғын жанындай,
Шәкірттері ұстаздан бақ көретін.
Қос ішектің пернелерін басқанда,
Ән әуелеп құс ұшатын аспанда.
Өнер үшін әлі еңбек етуде,
Жарты ғасыр ғұмырынан асқанда.
Мәдениет қайраткері елінің,
Болат алмас жарқылындай жерінің.
«Өнер» десе төккен тері тұп-тұнық,
Тектілігі тартып туған тегінің.
Бүгін алпыс ертең тоқсан жеткенде,
Атағыңыз астасады көкпенде.
**** ағай қартайыңыз марқайып,
«Өнер» дейтін баға жетпес шекпенде.
…………………………………………………………..
40 жас мерейтойға арнау өлең
Қырқасына көтеріліп қырықтың,
Ісін жасап ұлы жолда ұлықтың.
Әкеңізден Ембергендей*** елеулі,
Жүгін артып жүрсіз бүгін бір ұлттың.
Нарынқолдан үкілетіп түлеген,
Еңбекке тер, іске қолын білеген.
Бүкіл Әлім***, Қаракесек*** ертеңін,
Бір қазақтай ата тек деп тілеген.
Ел деп тозып, тістеліп те бармағы,
Жұртына адал ниетімен қалмағы.
Нұрдос*** пенен Нұрлыхан*** бар,
Жәнібек ***, Үш ұлыңыз келешектің тармағы.
Қырық жаста арландай боп арсылдап,
Сексенге кеп тұрыңызшы тарсылдап.
Тоқсан жасты жастық шағым қандай деп,
Жүзге келіп отырыңыз қалшылдап.