«Басыма әуен үнемі өлең түрінде келеді…»

Бірде Моцарт Майнедегі Франкфуртте концерт беріпті. Кезекті бір туындысын орындап болған соң, оның жанына бір жасөспірім бала кеп, тіл қатқан көрінеді.
– Сіз ғажап орындаушы екенсіз! Мен қанша тырысып көрсем де, дәл сіз құсап шебер ойнай алмас едім! – дейді.
– Музыкалық аспапта ойнау аса қиын шаруа емес қой, – деп жауап берген виртуоз, әлгі жеткіншекке бағыт сілтемек боп..,
– Сіз басыңыздың ішінде күмбірлеген әуенді хатқа түсіріп көрдіңіз бе? – деп сұрайды.
Сөйтсе, әлгі балақай:
– Менің басыма әуен үнемі өлең түрінде келеді, міне, оны жазып тастау маған еш қиын емес! – деп жауап берген көрінеді…
…жастайынан өнердің шыңына шыққан ұлы композитормен кездескен әлгі бала – жас ақын Гёте екен…
Фейсбук желісіндегі «Киіз кітап» парақшасынан алынды.