Бейсен Құранбек: «Кешіріңіздер…»

Бейсен Құранбек қайтыс боларынан бұрын фейсбуктағы парақшасына осындай пост жариялаған. Үзілетінін сезген болар, қайран жүрек… Елмен бақұлдасқан екен, баһадүр… Бақұл болыңыз!

«Неге екенін білмеймін, кешірім сұрағым келді.

Қарбаласпен жүріп талай жақын адамымның, достардың, туыстардың таныстардың көңілін қалдырдым.

Қуанышына бара алмадым, қайғыда қасында бола алмадым.

Қазір ойлап отырсам, соның бәрінде өзімді «жұмыстан қол босамай жатыр ғой» деп ақтап алыппын.

Көңіл дейтін өте нәзік, адам деген өте қымбат, өмір деген өте қысқа дүние екенін ұмыта жаздаппын…

КЕШІРІҢІЗДЕР!!!»