«Кеңесші болғым келмейді… Жіберіңдер…»

2050 жыл.

Ауыл тойы.

Абайсызда колонкаға жақындап микрофоны шаңқ ете қалған бала әнші жүрексіне ортаға шықты.

Бүгін ол бірінші рет көпшілік алдында ән салмақ. Шумағын әдемілеп орындады да. Енді кеудесіне ауа жинап, қайырмасын соза бастай берген…
Сырттан қиииық ете тоқтаған көлік дыбысын естіп өңі сұрланып кетті.

Палатканың жалбыр есігін серпіп кірген кәстөмдегі екі жігіт әй-шәйға қарамай бала әншіні қолтықтай жөнелді. Ел тым-тырыс.

Сырттан тасыр-тұсыр алысу мен баланың «Кеңесші болғым келмейді… Жіберіңдер…» деген аянышты дауысы ғана естіледі…
Ешкім орнынан қозғалып ара түспеді.

Отанға кеңес айтатын әнші қалмағанын бәрі түсінетін.
Ал шеттегі екі әже ұрлана есікке бір қарады да, «Тойдан тобықтай» салынған табақты ләм деместен аша салды…

#негізікүлетіннәрсеемес#
Алмас Тоқабаевтың фейсбук парақшасынан алынды.