***
Келінге өкпе тисе төбесі көкке тиеді.
***
Жақсы келін қызындай, Жақсы күйеу ұлындай.
***
Жақсы келін кұрдасындай болар, Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
***
Жақсы келін — келін, Жаман келін — өлім.
***
Жақсы енені жаман келін жер қылады, Жақсы келін жаман енені ел кылады.
***
Жақсы ауылға келген келін — келін, Жаман ауылға келген келін — келсап.
***
Балаң жаман болса да Келінің жақсы болсын.
***
Ұлттың жауы диуана, Келіннің жауы кейуана.
***
Төркіні тентек келіннің тілі ұзын, Төркіні момын келіннің жібі ұзын.
***
Қызым саған айтам, келінім сен тында.
***
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.
***
Келіннің сөзі кетпендей Баланың сөзі батпандай.
***
Келіннің бетін кім ашса сол ыстық.
***
Келіннің аяғынан, Қойшының таяғынан.
***
Келін қыз болмас, күйеу ұл болмас.
***
Келін жаман емес, келген жері жаман.
***
Келін жаксы болса үйіңе көп кісі келеді.
Келін жаман болса Келген кісі кеткісі келеді.
Ас құй десең төккісі келеді,
«Төкпей құй» десең сөккісі келеді
***
Әдепті келін — ауылдың көркі.
***
Келінді келін демес-ең,
Жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демес-ең,
Жақсы болса өз ұлың.
***
Өлген түйенің басымен
Тірі келінді қорқытпа.
***
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
***
Келіні жақсы үйдің —
Керегесі алтын.
***
Отқа келген келіннің
Отыз ауыз сөзі бар.
***
Келін — келін, келін — бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ.
***
Баланы жастан,
Келінді бастан тәрбиеле!
***
Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.
***
Тебеген болса биең жау.
Ұрысқақ болса ұлың жау,
Керіскек болса келін жау (Үмбетей).
***
Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi.
***
Жақсы үйге түскен келiн – келiн болады.
***
Апасының киген тонын, сiңлiсi де киедi.
***
Қызға қырық үйден тыйым.
***
Қызды кiм сүймейдi, қымызды кiм iшпейдi?!
***
Анасын көрiп қызын ал, ыдысын көрiп асын iш.
***
Отырған қыз орнын табады.
***
Екi әйел алғанның – дауы үйiнде,
Жаман әйел алғанның – жауы үйiнде.
***
Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс.
***
Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп.
***
Қарыздан да әйел ал, әйелiң қалар жаныңда.
***
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
***
Ауру – астан, дау – қарындастан.