Мағынасы ұмытылып бара жатқан сөздер-2 

(Жалғасы. Басы өткен санда.)

Ырғын — көп, мол (Ырғын олжаға жолықты)

Сарпай — бағалы шапан
(Өзбектерде әлі күнге солай аталады)

Аңқасы кеуіп — қаталап,
шөлдеп…

Киімшең бала — тумаса да
туғандай болған бала

Шербі — ерте замандағы
әкімшіліктегі баса билеуші

Торғауыл — күндізгі
күзетшілер

Көптеуіл — кешкі күзетшілер

Кешіктен — ханды қорғаушы
қосын

Қоршындар -қорамсақтылар, қару-жарақ басқарушылар

Бауыршылар -бақыршы аспаздар

Ерденшілер — есік
күзетшілер (Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бөрінің көз жасы» тарихи романынан)

Жылу — қиыншылық жағдайға (жұтқа, өртке, сутасқынына) ұшырағандарға сауын айтып
жиналатын көмек

Бая — беймаза, дегбірсіз, бақырауық адам. (Бая-шая деп те
айтады)

Жанақ — беттің томпағы

Сыбаға — сыйлы адамдарға
берілетін, арнап сақталатын
мүше

Ежегей — қайнатылған қышқылтым ұсақ құрт («Сүттің
шөбересі» деп те айтады)

Аушадияр — үйлену тойында
айтылатын (жар-жарға ұқсас) тәлімтәрбиелік мәні бар өсиет өлең-жыр

Жамбы — мергендер сайысында биікке іліп қойып ататын алтын, күміс металл

Сүмсүйір — қайыс, таспа
тескенде қолданылатын
құрал

Ақ үй аманаты —
соғыста жеңілген
жаққа салынатын салық төлем (ақ боз үй,
қалыңсыз қыз деген
сияқты)

Сыпыра — нан
илегенде жайылатын
дастарқан

Қыраң — биіктеу,
дөңес жер

Дықты-кекті, өшті
деген мағынада
(көңіліне дық алды)

Сәресі — оразада күн
шықпай ішетін тамақ

Раң — көктемде шығатын
майда шөп (оңтүстік жақта
көбірек қолданылады)

Күлтелі көйлек — қыз балаға
арнап тігілген, етегіне желбіршек салынған қос етек кейлек

Күндік — тұтқынның мойнына
салып құлыптайтын ағаш ажырғы
(жасы ұлғайған әйелдер тартатын
жаулықты да кей жерде күндік дейді)

Саптама — кең қонышты, ішінен
киіз байпақ киетін қазақы етік

Көнек — теріден тігілген шелек
Ат тұлдау — марқұмның атының
жал-құйрығын күзеп, жылы еткенде
(асында) сояды

Қоқан — үлкен балықтарды
желбезегінен өткізіп тізетін арқан

Сапар кесе — үлкен кесе. Бізде
Ұлытау жағы қолданады

Үскі — киіз үйдің ағашын тесетін құрал

Садақа — қаріп-қасер, ауру-сырқауға берілетін құдайы («Садақаны
сауда бер»)

Дындан — піл сүйегінен жасалған
қымбат тарақ

Нәресте — парсыша піспеген,
жетілмеген бала

Сәби — арабша ер бала, сәбия —
қыз бала

Перзент — парсыша ұрпақ
деген мағынада

Кедек — парсы тілінде
кішкентай, балапан «Батыр —
аңғал, ер — көдек» (мақал)

Мәлік — патша

Мәлике — патша
әйел, патшаның әйелі

Тәбәрік — арабша
1) ұмытылмас үшін
беретін сыйлық (сувенир) 2) құрметті адамнан қалған зат, кітап

Жәдігер —
ескерткіш — дүние
(Бала — жақсыдан қалған жәдігер)
Бәдіз, бәдізші — тасқа таңба сапатын, сөз жазатын адам

Мәжіліс — арабша жиналыс, жиылыс деген мағынада

Әлмисахтан — ертеден,
ерте-ерте ертеден

Тәуфих — арабша, қанағат,
шүкіршілік деген мағынада

Ассалам — арабтың сәлем деген
сөзінен шыққан. Қазақшасы — тыныштық, амандық, саулық, есендік

Ассаламғалейкум — Сізге
бейбітшілік, амандық болсын!

Уағалейкумассәлем — Сізге де
бейбітшілік болсын!

Айналайын — айналудан шыққан. Құрбандығың болайын! Садағаң
кетейін! деген мағына береді.

Адал бақан — киім ілгіш
Обыр — қанішер, жауыз (Ракты
да обыр деп жүрміз)

Абжылан (Әбжылан) — араб.
Сужылан. Аб-су.

Қайым айтыс — қыз бен жігіт
айтысы

Бәдік айтыс — шешендік сөз
жарысы

Молда (молла) — арабша сауатты, білімді, оқымысты, ұстаз деген сөз

Улама, ұлама — молданың
көпше түрі (қазақша ғұлама)

Жеңсік ас — сирек
кездесетін, сүйсініп жейтін ас.
(Деликатес деген сияқты)

Жаһаннам — араб. дозақ,
тамұқ.

Жаһіл — араб.зұлым, надан,
топас, ұятсыз

Кәусар — араб. зәмзәм су,
кәусар бұлақ

Қызыл су — көктемде қар суына жаңбыр суы қосылып ағатын су

Атқы -сел. (Шығыс жақта жиі
қолданылады)

Саудайы — абайлама ойлан байқамай іс істеу.

Абайда «Саудайыай, сауды алмадың-ау, сырқауды
алып…»

Белқұда — әйелдері екі қабат
(жүкті) болмай тұра құдаласу

Бесікқұда — балалар туғаннан кейінгі құдаласу

Лақса кәрі — өте кәрі

Албаты — құр босқа. (Албаты
маңырама)

Жинастырған
Масғұт ХАЛИОЛЛА,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.

(Жалғасы бар).

Орталық Қазақстан. — 2005. — 22 қараша (№232) ;