(Жалғасы. Басы өткен сандарда).
Туажат -жеті атаның соңғысы (ата, әке,
бала, немере, шөбере, немене, туажат)
Кәтеп (қатеп) — нарға жүк арту үшін салынған ағаш жабдық, (Махамбеттің «Қас
үлектен туған кәтепті қара нар керек біздің
бұл іске» дегені бар)
Ысқауыр — тілуге, ағашқа өрнек салуға
арналған құрал
Кеніш — молшылық, байлық (кейінде кен
қазатын орынды да кеніш деп жүр)
Үк — (Кейде үп деп те айтады) — үйге тозаң сияқты түсетін күн сәулесін айтады. («Үп
келді — құт келді»)
Наруана — нарға жүк арту үшін қолданылатын жабдық
Ү де — бір нәрсенің шегі, шамасы
(үдесінен шықты)
Еміл — қатты ағаштан жасалған мықты
таяқ
Шәргез — қыңыр , қ исы қ , шәлкес
сөйлейтін адам
Сайғақ — 1) Қабірдің басына тігілген
ағаш (Шалкиіз ақынның «Саздауға біткен
сары ағаш, кімдерге сайғақ болмаған»
дегені бар)
2) Киік, ақбөкен, құралай «Сайыңнан сайға қ құрлы сая таппай» —
(Мәди)
Жасу -инені ң көзі (Иненің жасуындай жер болса өтеді» дейді
пысық адам туралы)
Бәңгі — меңіреу адам (Абайда бар)
Үйек — шөбі шүйгін, табиғаты
қолайлы жер (Жерүйек, жерұйық
мағыналас)
Андағай — қ адау- қадау ,
селдір, сирек деген мағына береді
Ыңғуыр — ағашты үңгіп, ішін
ойып ыдыс жасайтын шеберді ң
құралы
Қалжа — босанған әйелге берілетін
құнарлы ас. («Мен туғанда да шешеміз
қалжа жеген шығар»)
Жекен — суда өсетін қоға шөп
Бақалақ — қол диірменді айналдыратын
қысқа тұтқа ағаш
Шой — үлкен қазан (Шо й қара — зор
денелі, өңі қара адамды айтады)
Бұрмаша — ұршықтың жіп ілетін басы
Сықырлауық — киіз үйдің жарма есігі.
Сілікпе — жігіттердің оңаша бас қосып
жейтін жас малдың еті
Айдар — жас баланың төбесіне қ ойыл —
тын бір шоқ шаш
Тегеурін — бүркіттің артқы саусағы
Жембасар — бүркіттің алдыңғы саусағы
Тоз — қайыңның қабығы
Сеңгір — биік (Сеңгір тау)
Лау — қызмет бабымен жүрген адамды
бір ауылдан екінші ауылға жеткізіп салу
қызметі («Лаулап келдім»)
Өліара — екі айдың аралығы
Итарқа — күркеше. Екі керегенің басын
қосып жасаған уақытша тұрақ
Тығырық — түйенің мұрындығын
бекітетін қалың теріден жасалған дөңгелек
тесік (тығырыққа тірелу)
Қасаба — көп жасаған мама бие (осыдан «қасабалы бәйбіше» деген сөз тіркесі
шықса керек)
Оташы — сынықшы (Қазір хирургті де
оташы деп жүр)
Оқпан — шұқыр жер
Жыға — батыр дулығасының төбесіндегі
шошағы
Қапсағай — ірі денелі адам
Дегдар — текті (дегдар адам) («Тұқымың
дегдар болғанмен азғын туғансың» Дулат)
Өреше — киіз үйдің ішінде ас сақтайтын
орын
Шеттік — түйенің мұрындығына тағылатын қысқа бұйда
Зайыр — анық. («Бірге ойнайтынымыз
зайыр есімде» Шерхан Мұртаза)
Тірмізік — жаны сірі, итжанды («Тірмізік
екенмін, қасқырдың тарамысынан жаралғандай тырмысып әлі келемін»)
Тұқым — жұмыртқа
Құртқа — қаншық қасқыр.
Алтын күрек — жазғытұрымғы қарды
ерітетін жылы жел
Мизам — өсімдіктер ұлпасы (Мизам
ұшқан қоңыр күз)
Сандуғаш — бұлбұл (татар тілінде жиі
қолданылады)
Жалбыз — жағымды иісті шөп
Бозым жігіт — сылқым, көркем жігіт.
Зорақы — зорлықшы, өктемші
Тақуа — діндар адам
Қаптама — басқа киімдердің сыртынан
киетін мол киім
Кәшек — мал жеген шөптің оттықта қалған қалдығы
Құлжа — арқардың құлжасының асығы
Топай — сиырдың асығы
Оқалақ — сиырдың арқасына тұқым тастайды, одан құрт ; сол құрттан оқалақ —
оқыра өсіп шығады
Отақ — арпаны арам шөптен тазарту
Мия — бидай арасына шығатын улы дәні
бар шөп
Шипа шөп — дәрілік шөптер: адыраспан, киікоты, көкемарал, қылша, т.б.
Мәшке ит — қанден ит
Әлжуаз — аурушаң, әлсіз
Байғыз — күндіз ұйықтап, түнде ұшатын
құс (жапалақ тектес)
Шоңайна — өсімдік
Өзек — жүрек сөзінің орнына қолданылады. («Адам ағзасында өзек деген мүше
жоқ. Татарлар: Сине уйлап сағынғанда, узе
Зағара — жүгері нан
Шербет — тәтті ішімді ксусын (шын
кеңімен берген қара су шербеттен де тәтті)
Әбжіл — тез, шапшаң
Кеуек — бос, қоянның қардан қазып жасаған ұя-үйшігі
Кепеш — бас киім
Зіл — ұ й ық , батпақ (Жағаға шы қ қ ы с ы
келеді, бірақ зіл жібермейді)
Ақта болған — піштірген (жылқы)
Қари — құранның сүрелерін жатқа айтатын
адам
Тас жетім — ата-анасыз, тұлдырсыз жетім
Әуліжай — бассейн
Шишақпақ — сіріңке, оттық
Қодыға — құланның құлыны
Қодық — есектің төлі
Қозықа — арқардың төлі
Құралай — киіктің төлі
Пәдері — беті, түрі жүзі. (Пәдеріңе нәлет!)
Зәуде бір — кейде бір
Келесау — есапаң
«Йуыш — есі ауысқан адам
Кісәпір — тәкаппар, кеуде адам
Керсен — ыдыс (Арты керсендей месқарын)
Жәлепхана — жезөкшелер ұстайтын үй
Пырақ — қанатты тұлпар (Пайғамбардың
пырағы)
Әлеке — тазының ең жүйрік тұқымы (әлекедей жаланып)
Самар — қымыз құятын, ет салатын үлкен
астау
Шері — жолбарыс
Тоғанақ — түйеге артқан жүк
Қосын — ерікті сарбаздар тобы
Боздақ — 1) малдың жаңа көтерілген уақ
жүні
2) көк ерім жас жігіт (бетінен (жағынан) боздағы шығып…
Кежеге — бас сүйектің желке т ұ сы
(кежегесі кейін тартып)
Ертәуіл — тыншы, шолғыншы
Өре — құрт, ірімшікті биік жерге жаятын ши
(өресі жетпеді деп те айтады)
Сүйретпе — ысталған тері саба (10 шелектей қымыз сияды)
Қалжуы р — есікті іштен бекітетін тиек
(«Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына
қалжуыр байлапты»)
Манжам — бүркіттің жемсауын тазалау
үшін берілетін бір уыс жүн-жұрқа
Тайтұяқ — тай тұяғындай алтын, күміс
Қарақ — асқан баукеспе ұры
Күпшек — арбаның доңғалағын қисайтпау
ұшін білікке көлденең салынған ағаш (Бүқар
жырауда «Күпшек санды күреңді» деген тіркес
бар)
Алғадай — бірінші болып ұрысқа кіретін
әскер тобы. (Жамбылдың ұлының аты — Алғадай). Олардың жаназасы алдын-ала шығарылады екен.
Наркескен — екі жағы да жүзді қылыш
Қырдасын — киіз үйдің үзік , туырлық
киізінен қалған құрақ төсеніш
Жемелек — қысқа шашқа қосып өрген ақ
мата
Уыз қағанақ — көктемде қойшылар торсыққа құйып, ыстық күлге көміп пісірген уыз сүт
Матай — аюдың аталығы
Дойыр — кеп таспадан өрілген жуан қамшы
Қырпы — дулыға ішінен киетін жүні тықыр
қой терісінен тігілген бас киім
Сағалдырық — жүгеннің алқым тұсын
сағадан байлап бекітетін тетік
Жампоз — нар бура мен айыр еркешті
інгеннен туған будан тұйе
Бүрме — қойдың етін сүйегімен қоса
шауып, түрлі дәмдеп қарынға салып, сақтап қояды
Саталғы — қайысты ысып тазартуға
арналған құрал
Көкпек — 1. Арқардың екі жасар еркек
тоқтысы
2. Шөлді жерге шығатын өсімдік
Деңгене — 1. Жігіттер (2-3) бірігіп бір
қойды сойып, етін бәске жейді. Жеп кетсе
— қой құны сұраусыз, жей алмаса — төлейді.
2. Аурудың аты
Құрысқақ — тобылғы тиек
(Абайдың«Ескілік киімі» деген өлеңінде
мынадай жолдар бар: «Тобылғыдан кесіп
ап, жіппен қадап, артын белге қыстырған
бар құрысқақ»)
Түйесіңір — бұта есімдігі
Бестек — қой, арқар терісінен жасалған жұмсақ төсеніш
Рауан — таң алдындағы күн шұғыласы,
сәуле шашуы, арайлануы
Шытырман — көп жапырақты
өсімдікті өрнектеу
Балқаш — балғын шөп
Боркемік — ынжық (жігітке айтылады)
Ұзынсары — көктемде күннің
ұзарған кезі
Жаутаң — түлкінің күшігі
(«түлкінің жаутаңындай сені
көрсем»)
Шанаш — қ ойды ң тұлып қ ы п
сойған терісінен жасалған ыдыс
Көбең — аз уақыт бос жіберіп,
ет алдырып мінетін көлік (ат)
Шөнжік — жолбарыстың күшігі
Қымызмұрындық — қымыздың
алғашқы ашытылуына бас қосатын салт
Кез — ұзындық өлшемі (71,2 см.)
К ең — мұржасы еденнің астынан
өтетін ошақ
Тесе — отындық көкпек, баялыш сияқты есімдіктерді шабатын (кетпен сияқты)
құрал.
(«Үйімде шай ішетін кесем де жоқ,
Отын шауып, жағатын тесемде жоқ»)
Түлкішек — түлкінің күшігінің бір аты
Байтаба — қойдың жүнінен тоқылған
жүн шұлғау
Қулық — тұңғыш құлындаған бие
Құлпы — жалтылдаған жібек мата
(«Мінгенің жылқы болсын,
Кигенің құлпы болсын»)
Шідер — аттың үш аяғын бекітіп қоятын
әбзел. («Шідерімді кім алды, Ләйлім шырақ» деген Біржанның әні бар)
Ақтүтек — айнала көрінбейтін боран
Шандоз — асыл, ардақ ты («Анадан
асыл туған, шандозым-ай»)
Аласапыран -1 ) қар бір еріп, бір жауып жатқан табиғаттың құбылма мезгілі
2) заманның тынышсыздығы
Масақ — 1) Садақ оғының ұшы
2) Бидайдың егістікте қалған қалдығы
Жолым — ықшамдалған шаңырақсыз
үй (көшіп-қонғанда қолданылады)
Түйемойнақ — түйенің мойын терісінен
жасалған алтын, күміс бұйымдарын салатын дорба
Қоқыр — хан, сұлтан кигей зерлі, оқалы
бас киім
Сахар — алабота сияқты шөпті жағып,
күлінен сахар сабын қайнатқан
Қасам — ант. («Қасамнан қашып, тәубе қыл, насихат алсаң құлаққа-ай.» Майлықожа)
Көгентүп — бір-біріне дос, туыс адамдардың баласына бәсіре ретінде берген
сыйлығы. (Мал, құнды дүние болуы мүмкін)
Жағлан — теріден не киізден жасалған
жағалы киім салатын сандық
Түмен — он мың сарбаздан құралған
жасақ
Қымқап — алтын, күміс жіпті араластырып тоқыған қалың мата
Апанақ — аюдың бір жасар баласы
(оның қонжық деген де аты бар)
Ж ы м — аңның ізі (мәселен, қоянның
жымы. «Жымын білдірмейді» деген тіркес
бар)
Түрпі -ағашты егеп тегістейтін құрал
Кегей — арба доңғалағының күпшек
пен табаны арасындағы шабақ ағаш
Елтебер — қағана тақ сүйектеріне
берілетін қызмет лауазымы (тұқымтеберін
— ұрпағын қалдырмады деген де бар)
Өлі-тірісін берген соң — Өлі күйеу жатар ма -дегендегі «Өлі-тірі», «Өлтірі» (Қоржын) деген сөздің айтыла-айтыла өзгерген
түрі. Ерте замандарда қазақтар қызға құда
түсіп, қыздың үйіне «Өлтірі» -(түрлі бағалы
киімдер , заттар салынған) қоржын
жіберген. Осыдан кейін күйеу жігіттің ұрын
«ұрланып) баруына болады
Құй — қазық (Бағы заманда
қылмыскердің желкесіне қүй (қазық) қағып
жазалаған. Бұл да айтыла келе өзгеріп
«төбеңе құй қазды ма?» болып кеткен)
Үкі тағу — 1. ертеде құда түсіп, айттырған қызға (болашақ келінге) алтын сырға,
жүзік сыйлаған. Осы кәдені «үкі тағу» деп
атаған.
2. Мұз ойығы (үкі).
Құлбарақ — Құл мен барақ (итке айтылады) иттің буданы
Қылпық — бидайдың топаны
Шығыр — құдықтан су тартатын құрал
Әңгі — есектің айғыры (Соқыр — әңгі, таз —
әулекі)
М ә ш — ұрғашы есек
Кәуар — шашлык, тұшпара — пельмен
Ақсарылқап — мамыражай, бақуат уақыт,
заман
Түйе қарын — қаңбақ ебелек сынды өсімдік
Кебе (көбе) — марқадан ересек қозы
Сұңғыла — 1) қауынды сорып қоятын арам
шөп
2) көп білетін зерделі адам
Кебенек — 1) ешкінің ауруы
2) Киізден пішіп киетін киім (Кебенек киген
келеді, кебін киген келмейді)
Жинастырған
Масғұт ХАЛИОЛЛА,
Қазақстан Журналистер одағының
мүшесі.
(Жалғасы бар).
Орталық Қазақстан. — 2005. — 24 қараша (№233/234). — 11 б