***
Үйленгендеріне 15 жыл болған отбасы бар екен…
Бір куні күйеуі әйеліне:
— Сен менің анамдай болып кеттің осы уақыт ішінде. Бүгінен бастап сені «Мама» деп айтсам бола ма? депті. Әйелі қуана келісімін берген.
Ертесі күні «Мама не істейін?» десе, әйелі «ананы істе» десе күйеуі «Иә, «Мама» деп істей салады екен. Күн ұзағына «Мама не істейін» деп тұрады дейді. Рахат күні бойы бір қалыпты гармония уйде…
Кешке әйелі екеуі шәй ішіп отырса, куйеуі «Мама, сізге бірдеңе айтсам бола ма? депті. Сөйтсе, әйелі:
— Ау, балам тындап тұрмын сені, айта ғой десе, күйеуі: Мама мен ер жеттім, үйленемін — депті….
***
Бір шал немересін мектепке дайындапты.
«Мектепке барған соң, ақылды бол, тыныш отыр, апайларыңның айтқанын тыңда, сабағыңды жақсы оқы» деп бәрін құлағына құйса керек.
Алғашқы қоңырау соғылып, мектеп басталғанда әлгі атамыз немересін киіндіріп, «апайларыңды тыңда, менің жүзімді жерге қаратпа» деп мектепке жіберіпті.
Немересі мектептен келіп атасына, «Апай, апай дегендеріңіз осы ауылдың қатындары екен ғой» десе керек…
***
Жұбайымен келіспей қалған бір жігіт әйеліне: «балаңа сен сияқты қатын жолықсын» депті.
Сонда әйелі: «балаңа сондай жамандық тілеуге қалай дәтің барды» деген екен…
***
Бірде, атақты сазгер Шәмші Қалдаяқов қасындағы екі жолдасымен жол түсіп, өз шаңырағына қоныпты…
Шәмші ағамыз өлеңінің бәрі хит болса да, өлең сатып пайдаға батып дүние жимаған кісі екен.
Дүниенің жоқтығы соншама, үш кісі төсерге көрпе таппай, стенада ілініп тұрған «дүние жүзілік» картаны төсеп жата кетсе керек…
Түннің бір уағында қасындағының біреуі жаурап кеттім жамылатын бірдеме бар ма? дей беріпті.
Сөйітсе Шәкең ерінбей орнынынан тұрып, барып сібетті жағып, қасына келіп төбесінен қарап:
«Әрине жаурайсың «Антарктиданың» үстіне жатып алыпсың, былайырақ жатсай» деген екен…
***
Бір кішкентай бала әкесінен:
«Мужик деген кім?» деп сұраса, әкесі: «мужик деген — жұмыс істеп, ақша тауып, отбасын асырайтын адам» депті.
Сөйтсе, баласы:
«Онда, мен де анам сияқты мужик болам» депті…