Бір адам жиһангез абыздан ақыл сұрамақ болыпты.
— Адамның өмір сүрудегі мақсаты неде?
— Білмедім, — депті абыз.
— Ал өмірдің мәні неде? — деп тағы сұрапты әлгі адам.
— Оны да білмедім, — дейді абыз.
— Сонда бұл өмір туралы сендегі даналық не біледі? — дейді әлгі адам кәдімгідей көңілі қалып.
Абыз оған жымиып тұрып:
— Өмірдің мәні мен мақсаты маңызды емес. Ең бастысы, оның дәмін сезіну, — деген екен.
@ master_taiji
Аударған @shinarabelda