Балиғат жасқа толған, денсаулығы жақсы, ақыл-есi дұрыс адамдарға ораза ұстау – парыз. Бұл туралы Аллаһ Тағала қасиетті Құранда: «Әй, иман келтiргендер! Ораза сендерден бұрынғыларға парыз болғандай, Аллаһқа қарсы келуден сақ болатын шығарсыңдар деп санаулы күндерде сендерге де парыз қылынды…» (Бақара сүресi, 183-184 аят), – деп әмір еткен.
- Ораза ақыретте жәһәннамнан қорғайтын, күнәларымыздың кешiрiлуiне себепшi болады. Бұл жөнiнде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кiмде-кiм сене отырып, сауабын Аллаһтан күтiп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешiрiледi», –дейді.
- Ораза – мiнез-құлықтарды жақсартады. Үнемi Аллаһты есiмiзге салып, жауапкершiлiк сезiмiн арттырады. Жүрегiмiздi жаман сезiмдерден тазартып, харамнәрселерді жасаудан сақтандырып, керісінше, жақсылық істеуді үйретедi.
- Ораза – көздi харам нәрселерге қараудан сақтайды.
- Ораза – құлақты харам дүниелердi тыңдаудан тыяды.
- Ораза – тiлдi өтiрiк айтпауға, бiреудi ғайбаттамауға үйретеді.
- Ораза – асқазанды харам тағамдарды (доңыз етi, арақ-шарап, жалпы, Исламдағы тыйым салған нәрселер) ішіп-жеуден қорғайды.
- Ораза – аяқ-қолымызды күнәға бастайтын iстердi iстеуден, жаман жерлерге барудан, т.б. қорғайды.
- Ораза – адамның өзгелерге деген мейiрiмiн арттырады. Өмiрiнде аштықтың не екенiн белмей келген бай-бақуат адамдарға кедей-кепшiктердiң жағдайын ұқтырады.
- Ораза – мұсылмандарды сабырлы болуға шақырады. Ауыз бекіткен адам өзін белгiлi бiр уақытқа дейiн iшiп-жеуден тыяды. Нәпсісін жеңуге тырысады. Сөйтiп, ол өмiрде кезедесетiн кейбір қиыншылықтарды сабырмен жеңуге бел байлайды.
- Ораза – адам денсаулығын жақсартады. Бұған пайғамбарымыздың мына хадисi дәлел: «Ораза ұстаңдар дендерiң сау болады». Дәрігерлердің айтуынша, 11 ай бойы ас қорытумен шаршап, бөгiп қалған дене мүшелерi ораза кезiнде демалады екен. Тиісінше, Рамазаннан кейiн жақсы жұмыс iстейтiн көрiнедi. Нобель сыйлығының иегерi, француз ғалымы Алексей Корель оразаның адам денсаулығына пайдасы туралы ойын былай түйiндейдi: «Денедегi жинақталып қалған қоректiк заттар ораза кезiнде iске қосылады. Содан кейiн оның орнына жаңалары келедi. Осылайша, денедегi жаңару процесi жүзеге асады. Жалпы, ораза денсаулық тұрғысынан өте пайдалы».
Он бірінші. Он екінші. Он үшінші… Оразаның сауабы бұлармен ғана шектелмейді. Теологтар Рамазан айының біз білмейтін бұдан басқа көптеген сауаптарының барын айтады. Ислам ғалымдарының пәтуаларына қарағанда, қасиетті айда оқылатын тарауих намазына (күн сайын түнгі намаздан кейін оқылатын намаз) қатысқан адамға сан сауап жазылады екен. Олай болса сауаптан құр қалмайық!
https://oraza2008.wordpress.com/